№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ағайын, шөп орып ал!

Ағайын, шөп орып ал!

Табиғи құбылыстар белгілі бір уақытта айналып соғып, мінез танытып тұрады. Осыдан тура 100 жыл бұрын қазақ сахарасында қуаңшылық жайлап, соның салдары мал-жанға ауыр тигенін жақсы білеміз. Қазір технология дамыған заманда инновациялық жобалар өнімділікті арттырып, өрісімізді кеңейтуде. Бірақ, биылғы аптап ыстыққа дәрменсіз екенімізді екшедік. Жердің беті мерзімінен бұрын қоңырқай түске боялды. Шынында, далада от жоқ. Ал, оттықпаған мал қыстан өтуі қиын. Егер қаһарлы қысқа қажетті жем-шөпті жинап алсаңыз жақсы, жинамасаңыз төрт түлікті сақтап қалу қиын.
Қазақтың білгір философы Мәшһүр Жүсіп жаздағы ыстық қыста айналып соғатынын ұлтымыздың ұзақ жылдық тәжірибесіне сүйеніп жазады. Шілденің шіліңгір ыстығы қаңтарда аязға айналып келсе қайтпекпіз! Құдай сақтасын!
Бола қалса, дайын болуымыз керек. Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың тапсырмасына сай Жаңақорған ауданының әкімі Руслан Рүстемов жем-шөп әзірлеу науқанын үйлестіру жұмыстарын сәтті ұйымдастырып, Қаратаудың етегін қоныс еткен елді мекендегі шаруалардың Сыр беткейдегі күріштік алқаптардан қамыс орып алуына жағдай жасауда.
Бүгін Қыраш, Қосүйенкі ауылдық округінің жастары "Түгіскен ТШ" ЖШС егін даласынан қамыс ору науқанын бастап кетті.
Жауапты науқанға сала басшылары арнайы барып, шаруаларға сәттілік тіледі.
Айта кететіні, шаруалар шөпті тегін орып алады. Келген жастар үшін жататын орын, тамақ жасап беретін аспазбен қамтамасыз етілген.
– Қамыстың қасиеті көп. Мал азығы ретінде де, тіпті, құрылыс материалы ретінде де қолдануға болады. Күріштік басындағы қамыс әбден суға қанған. Арасында қызыл мия және т.б шөптері бар. Енді орақпен орып, баулап, тиісті жеріне жеткізіп алуы керек. Мұнда қамыс жеткілікті мөлшерде бар Тек ерінбей еңбек етсе болғаны, – деген ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Талгат Зейдалиев қамыс оруды бастап берді...
06 шілде 2021 ж. 955 0