Облыс әкімі жаңақорғандық жастармен кездесті
Аймақ басшысы Гүлшара Әбдіқалықова қуаңшылық жағдайына орай аудандардағы егіс алқаптарының жұмыс барын бағдарлау үшін Жаңақорған ауданына барып, бірқатар нысандарды аралады.
Алдымен, Қыркеңсе ауылдық округіндегі шөп орымға белсенді қатысып жатқан жастар бригадасының жұмысымен танысты. Қазіргі таңда «Жасыл ел» жасақ сарбаздары мен ауданымыздың белсенді ерікті жастары бірігіп Қыркеңсе ауылдық округіне қарасты «Құдірет» шаруа қожалығындағы қалың қамыс шөбін шауып, тау беткейінде орналасқан ауылдық округтердегі шаруаларды жем-шөппен қамтамасыз етуге еңбектенуде. Алдағы уақытта шөп ору жұмыстарының нәтижесінде қыстауға қатысатын мал басын толық жем-шөп қорымен толықтыру жоспарлануда.
Облыс әкімі шөп орымына белсене қатысқан ауыл жастарымен пікірлесіп, қысылтаяң шақта ел жастарының бірігіп, ортақ іске жанашырлық танытқан бригада құрамындағы жастарға ризашылығын білдірді.
Сонымен қатар,«Түгіскен» тұқым шаруа қожалығында тау беткейдегі Қыраш, Қосүйеңкі ауылының жастарының шөп орып алу жұмыстары жалғасуда. Осы кезге дейін жастар 1000 бауға жуық шөп орып, қажеттіліктерінің орнын толтыруда. Келген әрбір жастар үшін жататын орын, «дала асханасы» арқылы тамақтандыру қамтамасыз етіліп, жағдайлары жасалған.