Мемлекеттік қызметші – қоғам айнасы
23 маусым – елімізде мемлекеттік қызметшілер күні болып белгіленген. Мемлекеттік қызметшілер – билік пен қарапайым бұқара халықтың арасын жалғайтын алтын көпір. Сол себепті де, олардың ең басты міндеті халыққа адал қызмет ету. Әрбір мемлекеттік қызметші осы қағиданы еш уақытта ұмытпауы тиіс. Біздің бүгінгі кейіпкерлеріміз жоғарыда аталған қызметтің қыр-сырына қанығып, ауданымыздың дамуына үлкен үлес қосып жүрген ерлі-зайыпты Марат Әбсадықов пен Мейрамкүл Сәпиева жөнінде азды-көпті айтып өтуді жөн көрдік.
Қарапайым халықпен қоян-қолтық жұмыс істеп жүрген азаматтардың әрбір минуты тәртіпке бағынады. Отағасы Марат Әбсадықов аудандық әкім аппаратының кадр қызметі бөлімінің бас маманы. Мемлекетік қызметте 10 жылдан бері еңбек етіп келеді. Мейрамкүл аудандық қаржы бөлімінде бюджеттің атқарылуын бақылау және қорытынды талдау жасау секторының бас маманы лауазымын абыроймен атқаруда. Міне, екеуі де мемлекеттік қызмет саласының қиындығына мойымай, елдің өркендеуіне үлесін қосып келе жатқан жарасымды жұп.
– Еліміздің даму тарихында әркім өз ізін қалдырады және келешекте оған ұрпақтары өз бағасын беретінін ұмытпауымыз қажет. Бүгінгі таңдағы мемлекеттік қызметкердің басты міндеті – туған жері мен халқына адал қызмет етумен бағаланады. «Басты міндет – елге қызмет» деген мазмұны терең, жауапты міндетті арқалаған соң оған мін түсірмеуге тырысамыз,– дейді отағасы.
Марат пен Мейрамкүлдің ерекше жарасымдылықпен қол ұстаса өмір сүріп келе жатқандарына он жылдан асты. Бақытты жұп сонау студенттік шақтарында бір-бірін жолықтырып, өмірге деген көзқарастары ерекше жарасқан. Бұларды жұртшылыққа танытқан да араларындағы сыйластық, айнымас мөлдір сезім екендігі даусыз. Міне, бүгінде төрт балапанды өмірге әкеліп, ата-аналарына немере сүйгізіп, тәтті өмірдің бал күндерін бірге өткеруде. Әсіресе, шаңырақтың отанасына жүктелер жауапкершіліктің аз еместігі айтпаса да түсінікті. Алайда, жүрегі мейірімге толы Мейрамкүл оны мойымай көтеріп, еңбекте алда келеді.
– Кез келген саланың өзіне тән қызығы мен шыжығы болады ғой. Біздің жұмыс сонысымен де құрметті деп есептейтін. Оның үстіне, үлкен үйдің келіні, мемлекеттік қызметкердің жары, төрт баланың анасы болу сынды үш бірдей жауапкершілік жүгі ширатып шыңдала түстім. Осы жұмысымызды түсініп, хал-қадірінше көмегін аямайтын ата-енеме, жолдасыма рақмет айтамын, – деп, ілтипатты пікірімен бөлісті ол.
Марат пен Мейрамкүл бос уақытты да тиімді пайдалануға тырысады. Қолдары қалт ете қалса әдеби, тарихи кітаптар оқып, білімдерін кеңейтуге ұмтылады.
Билігі мықты елдің – тірлігі құтты. Күн өткен сайын мемлекеттік қызметшілерге қойылар талап та, жүктелетін жауапкершіліктің ауқымы да кеңейіп келеді. Айта кетейік, аймақта мемлекеттік қызметшілердің тиімді жұмыс атқаруына қажетті жағдайлар қарастырылған. Аудандардағы жүзеге асып жатқан игі істер мен биік белестерте қомақты үлес қосқан осындай жарасымды жұптарға алғысымыз шексіз. Мемлекеттік қызмет қашанда мінсіз болуы тиіс. Себебі, елдің ертеңі соларға байланысты.
Кешелі-бүгін осы отбасында болып жатқан сүйінші жаңалықты айта кетейік. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметшілер арасындағы пікірталас сайысы өткізіліп, онда яғни пікірталас ойындарында мемлекеттік қызмет саласындағы рефор-малардың оң жетістіктері туралы, мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі мен мінез-құлық қағидаларын жетілдіру бойынша және финал ойыны “Факторлы-балдық бағалау жүйесі (ФБШ) арқылы еңбекақы төлеу мемлекеттік қызметшілердің жұмысының тиімділігін арттырады атты тақырыпта өрбіген екен. Сайысқа Қызылорда қаласы және аудан әкімдіктерінен 8 фракция қатысып, нәтижесінде Жаңақорған ауданынан қатысқан команда «Бас жүлдені» жеңіп алды. Ауданымыздың атынан қатысқан команда құрамында аудан әкімі аппаратының цифрлық технологияларды дамыту және мемлекеттік қызметтердің мониторингі бөлімінің басшысы Жасұлан Бейсенбеков және аудан әкімі аппаратының персоналды басқару (кадр қызметі) бөлімінің бас маманы Абсадықов Марат өздерінің біліктілігі мен озық білімділіктерін көрсетіп, елге абыроймен оралыпты.
Әсел РЗАЕВА