№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тәуелсіздік таңындағы тұсаукесер

Тәуелсіздік таңындағы тұсаукесер

Ел Егемендігіне ие болған 1991 жылдың қуанышы бір бөлек. Сол кезде орын алған оқиғалардың әсерін сезініп, пайымдай аламыз. Тәуелсіздіктің көк байрағы желбіреуімен бірге Жаңақорған кентінде №5 балабақша қайта есігін ашып, жұмысын бастады. Біз осы оқиғаны Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы елеулі оқиғаға жатқызып, сол кездегі адамдардың қуанышын қаттауға мән бердік.

Ұлағатты ұстаз Зинабдин Шерма­ғамбетов, Жүніс Үпенов елеулі оқиғаға қуанып, балғындар мекеніне сәттілік тілегендердің қатарында болды.
– Балабақша балаға тәлімді тәрбие, саналы білім сіңіретін орда. Сондықтан №5 балабақшаның жұмысы қайта жанданғанда қатты қуандық, – дейді Зинабдин аға.
Бұл балабақша 1973 жылы пайдалануға берілген-ді. Алайда ХХ ғасырдың 80 жылдарындағы тоқырау мектепке дейінгі білім мекемесіне оңай тимейді.
Тәуелсіздікпен бірге екінші тынысы ашылып, балғындарға тәлімді тәрбие, саналы білім беруді жалғастырады. Алғашқы жылдары Зейнеш Өтегенова басшылық жасаса, 1982-1984 жылы Зеріп Шерімбетова, 1984-1986 жылы Ғалия Биболова, 1986-1998 жылы Әдемі Дәрібаева, 1998-2017 жылы Айсара Нәлібай тәрбие ошалығының бағыт-бағдарын айқындаған басшысы болады. Ал, 2017 жылдан бастап бұл міндетті Гүлмира Сеилова алып, абыроймен атқарып келеді.
Жалпы балабақшада 25 педагог, 19 техникалық қызметкер еңбек етеді. Мұнда тәжік, түрік ұлтының өкілдері де тәлім алады. Тәрбиешілердің барлығы заман талабына сай технологияны игеріп, балаларға сапалы білім, саналы тәрбие беруде.
Сонымен қатар педагогтар өздерінің кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында үнемі онлайн байқауларға қатысып отырады. ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, «Білім бұлағы» аталымының жеңімпазы Qaztest.kz сайтында педагог мамандардың біліктілігін арттыру мақсатында өткізілген ІІ Республикалық «Педагогика және психология» пәні олимпиадасына қатысып, ұжым педагогтары ең үздік нәтиже көрсеткені үшін «Үздік ұжым» дипломымен марапатталды.
Елбасы Н.Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Бүгінгі бала – ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жайлы сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру – білім беру ұйымдарының міндеті болып табылады. Осы орайда балабақшада 2 логопед маман дамуында ақауы, тілінде мүкісі бар балалармен түзету жұмыстарын жасайды. Әр балаға жеке даму картасын дайындап, сол бойынша жеке және топтық жұмыстар жүргізіліп отырады.
Қазіргі таңдағы әлемдік пандемия жағдайында үйде отырған балалармен онлайн форматта жұмыс жүргізуде. Қашықтықтан ұйымдастырылған байқауларға қатысып, балалар мен пен педагогтар дипломдармен марапатталды. «Бақытты бала әлемі» ІІ Республикалық дарынды балалар байқауында «Көркемсөз» номинациясы бойынша ересектер тобының бүлдіршіні Шырайлым Оразбек бас жүлдені иеленсе, Құлмұхаммед Талғатбек І орын алды. «Мәңгілік ел жастары» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Мұқағали мұрасы» атты VII Республикалық онлайн байқауда «Сурет салу» аталымы бойынша Томирис Маткарим «Алғыс хатпен» марапатталып, қуанышты еселей түсуде.
2020-2021оқу жылында 5 тәрбиеші жаңартылған курстан өтіп, жұмыс жасауда. 15 тәрбиеші Ұлттық біліктілік тестілеуден өтіп, бір педагог-зерттеуші, бес педагог-сарапшы, тоғыз педагог-модератор санаттарын алды.
Балабақшада балаға қажетті, сетінемейтін сүйіспеншілік тіні орныққанда бір нәтижеге жетуге болады. Тәлімгерлердің күлкісі мен мейірімі арқасында балабақша жұмысы жыл өткен сайын гүлденіп, көркейіп келеді.
Иә, расымен өскелең ұрпақты тәрбиелеу зор жауапкершілік. Қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды жете түсінуге талпынған сезімтал балаларға көмектесуді мұрат еткен ұжымымыздың басты ұстанымы да бала жүрегіне жол табу. Балабақша қызметкерлерінің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және басқа да қабілеттерді қалыптастыру нәтижесінде оқу-тәрбие жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілуде.
Әрине, тізе берсек, ауданымызда көркiне көрiк қосқан, мерейiн өсiрген, қалың көпшiлiктiн көзайымына айналған бұдан басқа да құрылыс нысандары аз емес. Жаңадан қолға алынып жатқан iргелi жұмыстар баршылық. Ең бастысы, жаңақорғандықтар бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығара отырып, Тәуелсiздiктiң 30 жылдық мерейлi мерекесiн лайықты қарсы алуда.

Әсел РЗАЕВА
03 маусым 2021 ж. 747 0