№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды


Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат А-ға қатысты  әкімшілік ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, азамат А. 2020 жылдың 14 ақпаны сағат 20:00 шамасында өзінің жеке тұрғын үйінде қонақ бөлмесінің терезесін сындырып, жұбайы Ш-ны балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтып, ол отбасы-тұрмыстық қатынастардағы адамға сыйламаушылық көрсетiп, былапыт сөйлеп, тыныштығын бұзып, әкімшілік құқық бұзушылық әрекетін жасаған.
Сот отырысында  жәбірленуші Ш. жұбайы А-ға кешірім бергенін, онымен медиация тәртібімен татуласқанын көрсетіп, әкімшілік істі тоқтатуды сұраған.
Сотпен іс құжаттары зерттеліп, өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға мен жәбірленушінің медиация тәртібімен татуласқандары ескеріліп, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 64-бабының негізінде әкімшілік іс тоқтатылды.
        
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
26 ақпан 2020 ж. 930 0