№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Ауылға көгілдір отын қашан келеді?

Ауылға көгілдір отын қашан келеді?

Бірлік және Қыраш елді мекеніне дейін жоғарғы қысымды жеткізуші газ құбырын салу және ауылішілік көшелеріне газ тарату құбырларын салу» жобасына жоба-сметалық құжатын әзірлеуге тиісті қаржысы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысын алу жұмыстары жүргізілуде. Жобаның сараптамаға дейінгі болжамдық құны 700 млн-ды құрап отыр дейді жауапты маман. Оған қоса, Жаңақорған ауданының 4 (Жайылма, Шалқия, Құттықожа, Кейден) елді мекеніне де газбен қамтамсыз етуге аудандық бюджеттен жоба-сметалық құжаттарды әзірлеуге қаржысы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурс жұмыстары жүргізілуде.
Осыған орай, жоспарланып отырған «Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы, Төменарық елді мекеніне дейін жоғарғы қысымды жеткізуші газ құбырын салу және Төменарық елді мекені ауылішілік көшелеріне газ тарату құбырларын салу» жобасына жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеуге 37 798 мың теңгеге бюджеттік өтінім жолданып, қазір 1 млн теңге қаржы бөлінген. Жоба іске асқан жағдайда 2008 тұрғын үй және 11 000 халық табиғи газдың игілігін көретін болады.
29 мамыр 2021 ж. 712 0