Құрылтай

№61 (8975) 15

15 тамыз 2026 ж.

№60 (8974) 11

11 тамыз 2026 ж.

№59 (8973) 8

08 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Киберспорт: зияны бар ма?

Киберспорт: зияны бар ма?

Адамзат компьютер ойындарының зияны жайлы бұрын да жиі айтып келді. Соған қарамастан киберспортты олимпиадаға енгізу жайы қарастырылған екен. 2024 жылы Парижде өтетін олимпиада бағдарламасына ене ме деген меже де болған. Алайда Халықаралық олимпиада комитеті «киберспортта зорлық пен дискриминация бар» деп уәж айтты. Ойындағы агрессия көпшілікке кері әсер етуі мүмкін екенін жеткізді.
Кейінгі жылдары медицинада лу­до­мания атты сөз жиі қолданыла бастады. Ойынпаздық дертін дәрігерлер осылай атайды. Дертке шалдыққан адам шынайы өмірден алыстап, физио­логиялық тұрғыда әлсірей береді. Сонда компьютер ойындарына түбегейлі тыйым салған жөн бе? Бұл тұста спорт психологтары екі негізден тұратын қарапайым күн тәртібін, график бекітуді ұсынады. Талап мынау – киберспортқа қызығушы адам дайындық кезінде компьютер алдында 7 сағаттан артық отырмауы тиіс және физикалық тұр­ғыдан белсенді жаттығулар істегені жөн. Ең бастысы, ойын кезінде эмоцияға қатты берілмей, күйзеліске ұрынбау қажет. Виртуалды ойындардың пайда болғанынан бастап ғалымдар атыс не шабуылға толы ойындардың балалардың агрессивті болуына алып келетінін алға тартты. Соның бір дәлелі, Казандағы жағдай екені дәледенді. Ар жағын өзіңіз білерсіз.
19 мамыр 2021 ж. 1 123 0