№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Киберспорт: оның келешегі кемел

Киберспорт: оның келешегі кемел


Пандемия салдарынан спорттық шаралар өтпей, спорт саласына айтарлықтай соққы болса, керісінше киберспорттың кең етек алуына өз үлесін қосты. Қазір әлемде төртінші өнеркәсіп кезеңі жүріп жатыр, сондықтан Қытай, АҚШ, Кореяда бұл спорт түрі тез таралуда. Тіпті, жыл сайын халықаралық турнирлер мен ішкі біріншіліктер өткізу дәстүрге айналған-ды. Екінші жағынан, бұл спорт сол елдердің нарығына үлкен табыс әкелуде. Мәселен, 2019 жылы ақша айналымы 1 млрд доллардан асса, былтыр бұл пайда екі-үш еселенген. Ал, әлемдік ойын-сауық индустриясы мен медианың келешегі туралы есепке сәйкес, бір ғана Қытай нарығы жиынтығының жылдық өсу қарқыны 2024 жылға қарай 670 миллион долларды құрайды дейді. Демек, бұл ойындар спорт саласына жаңалық болып қана қоймай, ел экономикасына да әжептеуір табыс әкелетіні рас. Бұл спорттың келешегі бар ма, соны зерделеп көрген едік.


Жалпы компьютер ойындарын спорт саласына енгізуді қостамайтындар жетерлік. Солардың бірі – өзім. Бұл кәсіби спорт пен IT-технологияның қосындысынан туған мидың ойыны екенін ескерсек, мұны жоққа шығаруға болмайды деп мамандар дабыл қағуда. Яғни, шахмат ойынының баламалы түріне жатқызады. Тек онлайн қосылсаңыз болды, компьютерлік ойындардың кез келгеніне кіру оңай.
Қазақстан киберспорт федера­ция­сының дерегіне сүйенсек, ел аумағында былтыр тек сәуір айының өзінде 12 чемпионат ұйымдастырылған екен. Қазақстанда 300-ге жуық кәсіби киберспортшы бар. Оның басым бөлігі Еуропа елдері мен Ресейде өмір сүріп жатыр. Себеп – интернет жылдамдығы, ойын серверлеріне жылдам қосылу үшін Еуропа елдеріне жақын орналасу қажет. Біздегі интернет жылдамдығы қандай екенін айту да ұят.
Компьютер ойындарының саны өте көп. Соған сай әр спортшы өзі таңдаған ойын түрімен ғана әуестенеді. Киберспорттың өзге спорт түрлерінен айырмашылығы бар. Қазақстан кибер­спорт федерациясының өкілі Бауыржан Садиевтің айтуынша, әр ойынның философиясы бөлек болады.
– Аудитория үлкейіп, бұл спортқа сұраныс артты. Жарыстар онлайн өте береді. Үйден шықпай-ақ, кез келген додаға қатыса аласыз. Компьютер киберспорты бар, мобильді киберспорт бар, түрлері өте көп. Киберспортта принциптер сансыз. Әр ойынға тән философия болады. Реакция, тез шешім қабылдау, төңіректі бағдарлау мен математикалық өлшем, барлығын бір мезетте ойластыру керек, – дейді маман.

Әли ТЕМІРБЕК

19 мамыр 2021 ж. 467 0