Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Спорт – бақытқа бастар жол

Спорт – бақытқа бастар жол

Бүгінде әлем жұртшылығын әбігерге салған коронавирус қаншама елді құрығына ілді. Вирусты жұқтырғандар саны да күннен-күнге артуда. Осындай кезде одан қорғанудың жолын білу маңызды. Әсіресе спортпен шұғылдану кез келген ауруға қарсы тұратын күшке ие. «Шынықсаң шымыр боласың» демекші дене жаттығуы адам баласына пайдалы болуымен қатар өзін сергек сезінуіне септігін тигізетіні анық.
Спорттың адам өмірінде алар орны ерекше. Дене шынықтырумен шұғылданған адамның денсаулығы мықты, шымыр болады. Ата-бабаларымыздың «тәні саудың – жаны сау» деуі осының айғағы. Күнделікті табиғи қозғалыстың өзінен-ақ осы нақыл сөздің салмағын, жүктер жауапкершілігін сезінбейтініміз көңіл қынжылтады. Әйтсе де бірінші байлық денсаулық екенін ұмытпауымыз керек.
Спорттың ең қарапайым түрі жүгіру. Әр күні таңертеңгі уақытта үйдің маңайында, алаңда немесе көше бойында жарты сағаттай жүгіріп келсеңіз таза ауаның денсаулығыңызға тигізген пайдасымен қоса иммунитетті көтеруге де жұмыс жасаған болар едіңіз. Бұған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың еліміздің халқына жолдаған жолдауларының бірінде 2030 жылға дейін Қазақстан экономикалық, әлеуметтік деңгейге көтерілуде рухани байлықпен қатар денсаулықтың да аса қажет екенін атап көрсеткені дәлел.
«Тазалық саулық негізі, саулық байлық негізі» демекші, гүлденіп шарықтап дамыған мемлекетті дені сау, саналы, білімді де білікті азаматтар жасайды. Сондықтан салауатты өмір салтын ұстанып оны қалыптастыру, әсіресе өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру біздер мына ұстаздар қауымының міндеті.
Бала тәрбиесіне кішкентайынан көңіл бөліп, оның қоғамдағы жат қылықтардан бойын аулақ ұстауы үшін де дене тәрбиесінің маңызы зор. Жастар арасындағы темекі, ішімдікке үйірлік тіпті нашақұмарлық дендеп бара жатқан уақытта дені сау ұрпақты қалыптастыру отбасында берілетін тәрбиеге де байланысты. Өйткені қызығушылықпен істелген істің соңы неге апарары белгісіз. Осындайда «тәрбие басы тал бесік» деген тәмсіл еріксіз еске оралады. Жат қылықтарға қарсы тұрар басты қорғаныш та осы отбасы ошақ басында берілген тәрбиеге байланысты.
Бір сөзбен айтқанда спорт барлық тәрбие атаулының бастауы. Оның түп қазығы қозғалыс, ал қозғалыссыз тіршілік жоқ. Спорт сөзінің мағынасы да кең. Дене тәрбиесі соның құрамдас бөлігі, дәлірек айтқанда бастапқы баспалдағы. Онымен тұрақты шұғылданған адамның денсаулығы мықты, зор болмақ. Ал сол денсаулықтың кепілі спорт екені даусыз. Сондықтан «спортпен шұғылдануға уақыт таба алмай жүрмін» деген сылтаудан арылу керек.
Елдің ертеңі жарық болуы үшін жұмыс атақаратындар сауатты, білімді, дені сау жастар. Біздер осы елдің жас толқындарын тәрбиелеуде бар білгенімізді оқушы бойына сіңірудеміз.Сондықтан біздің мақсатымыз уақытты тиімді пайдаланып, сапалы қызмет етіп, өмірде өз орнын адаспай табатын ұрпақты тәрбиелеу.
Ержан Қибасаров,
110 мектеп-лицейінің денешынықтыру пәнінің мұғалімі
08 мамыр 2021 ж. 2 546 0