№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Бақытты отбасы» орталығы ашылды

«Бақытты отбасы» орталығы ашылды


«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы жанындағы отбасы, әйелдер және балалар құқығын қорғау жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Оған кеңестің төрағасы Райкүл Байназарова және бас партияның аудандық филиалы мүшелері Zoom платформасы арқылы қосылды. Қоғамдық кеңесінің алғашқы отырысында Жаңақорғанда «Бақытты отбасы» орталығы ашылғаны белгілі болды.


Кеңес отырысында оның жаңа құрамы таныстырылып, алдағы жылға арналған жұмыс жоспары анықталды. Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» пар­тиялық жобасы аясында Жаңақорған ауданында әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған, қиын жағдайға тап болған отбасыларға жан-жақты қолдау көрсету бағытында атқарылған жұмыстар сараланды.
Бұл бағытта Жаңақорған ауданы әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаев сөз етті.
«Жалпы республикада алғаш болып «Бақытты отбасы» орталығы Қызылорданың Жаңақорған ауданында ашылды. Орталық аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімінің қолдауымен Халықты жұмыспен қамту орталығы жанынан 1 сәуірден бастап өз жұмысын бастады. Орталыққа аудандық бюджеттен 5 қызметкерге штат бірлігі бөлініп, қажетті құрылғылар және балаларға арналған бөлмелермен қамтамасыз етілді», – деді аудан әкімінің орынбасары.
Оның сөзінше, Орталықта жұмыс­пен қамту орталығы көрсететін қыз­меттермен қатар әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы отбасыларды дағдарыс жағдайынан шығаруға және олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында басқа да қызметтер «Бір терезе» қағидаты бойынша көрсетіледі. Атап айтқанда, отбасыларға заңгерлік және психологиялық көмек көрсетуден бастап кәсіпкерлік негіздерге оқыту, бизнес-жоспар құруға, грант немесе шағын несие алуға, сондай-ақ жұмысқа орналасуды кезең-кезеңімен жүргізу бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Жалпы атап өту керек, бүгінгі таңда ауданда халықтың әлеуметтік осал топтарымен 6 психолог маман, 20 әлеуметтік қызметкер жұмыс жасауда. Орталыққа жыл басынан бері есепті мерзімде 273 әлеуметтік жағдайы төмен отбасы тіркелген. Олардың 67-сі қолайсыз отбасы болып анықталып отыр.
Атап айтарлығы, ауданда қай­ырымдылық шаралардың дәстүрі қалыптасқан. Мәселен, 2020 жылы «Нұр Отан» партиясы 261 отбасына 3 млн теңгеден аса қаржыға, аудандағы кәсіпкерлер 130 отбасына 743 мың теңгеге, облыстағы кәсіпкерлер 195 отбасына 2 млн теңгеге және Жаңарған Жаңақорған жастары қоғамдық қоры 115 отбасына 162 мың теңге көлемінде көмек көрсетті. Белсенді жастардан құрылған қоғамдық қор тұрмысы төмен отбасыларға қаржылай қолдау білдірумен қатар баспана бақытын сыйлап жүр. 2018 жылдан бері 5 отбасы үйлі болса, Рамазан айы басталғанда 6-шы шаңырақтың құрылысы басталды.
Жиынды қорытындылаған Кеңес төрағасы Райкүл Байназарова барлық аудандарда «Бақытты отбасы» орта­лығын ашып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдау шараларын жалғастыруды тапсырды.
27 сәуір 2021 ж. 532 0