№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Заңсыз қару тапсырғандар сыйақысыз қалмайды

Заңсыз қару тапсырғандар сыйақысыз қалмайды

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің және ОПД-нің нұсқауларына сәйкес, 2021 жылдың 20 сәуірінен бастап, Жаңақорған ауданы көлемінде аудан тұрғындарынан заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша кезекті акция басталуда.
Акция барысында заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру ережесіне сәйкес, заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде тапсырғаны үшін белгіленген мөлшерде ақшалай сыйақы алады.
Сондықтан да құрметті аудан тұрғындары акция кезінде өздеріңізде заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттар болса, Жаңақорған ауданының Полиция бөліміне әкеліп, өтемді түрде тапсыруыңызды сұраймыз.
Заңсыз сақталған қаруды өз еркiмен тапсырған тұлға, егер оның әрекеттерiнде өзге де құқық бұзушылық құрамы болмаса, әкiмшiлiк немесе қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Жаңақорған аудандық полиция бөлімі
16 сәуір 2021 ж. 519 0