Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚАРУ-ЖАРАҚ ТАПСЫРҒАНДАРҒА СЫЙАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ

ҚАРУ-ЖАРАҚ ТАПСЫРҒАНДАРҒА СЫЙАҚЫ ТӨЛЕНЕДІ


Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 20.03.2019 жылғы №1-5-3-69/975-И санды нұсқауын және «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтімді тапсыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің 2015 жылғы 27 наурыздағы №266 бұйрығын орындау мақсатында 2019 жылдың 10 сәуірден бастап жыл көлемінде аудан көлемінде халықта заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізіледі.

Іс-шара кезінде өздеріңізде заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ дәріні, жарылғыш заттарды тапсырған азаматтарға Қазақстан Республикасының тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңында белгіленген мынадай айлық есептік көрсеткіштер мөлшерінде:
1)автоматты ойық ұңғылы атыс қаруының әр бірлігі үшін бір жүз еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін,
2)ойық ұзын ұңғылы атыс қаруының (винтовкалар, карабиндер) әр бірлігі үшін елу еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін,
3)қысқа ойықты ұңғылар атыс қаруының (пистолеттер, револьверлер) әр бірлігі үшін қырық еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін,
4)тегіс ұңғылы атыс қаруының әр бірлігі үшін отыз еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін,
5)жарақат салатын тапаншаның немесе револьвердің әр бірлігі үшін он еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін,
6)әрбір граната, мина, жару құрылғысы және артиллериялық снаряд үшін жеті еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін,
7)жарылғыш заттардың әрбір 1000 грамы үшін алты еселенген айлық есептік көрсеткішке дейін,
8)ойық қару патрондарының әр бірлігі үшін айлық есептік көрсеткіштің жиырма төрттен бір бөлігіне дейін,
Егер жоғарыда көрсетілген қарулар пайдалануға жарамсыз болған жағдайда ұсынылатын құнының 50%-ы мөлшерінде сыйақы беріледі.
Акция барысында атыс қаруы, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырған азаматтар, егер бұрын аталған атыс қаруы қандайда бір қылмысқа қатысы болмаса, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды.
Акцияға қатысты қосымша мәліметтерді Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің әкімшілік полиция бөлімшесі азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобынан алуға болады. (Тел:24-1-03 немесе 87753818900).

Қайыржан Үсенов,
Жаңақорған АПб-нің ӘПб-нің
АжҚҚАБт-ның инспекторы
полиция Майоры.
06 сәуір 2019 ж. 1 310 0