№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Ауданда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын жазаға тартылды

Ауданда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын жазаға тартылды

   Ауданда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған тұрғын жазаға тартылды, деп хабарлайды zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
   Жаңақорған аудандық соты оның үстінен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 307-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Ол аудан орталығындағы Абдолла-Алтый Сүлеймен көшесі мен Сағырбаев көшелері қиылысында орын тепкен бір бөлмелі кеңседен ойын мекемесін заңсыз ашқан. Бұл жерге оған қажетті техникаларды жабдықтаған.

  «Соның нәтижесінде ғаламтор арқылы ұтыс тіктіріп, ойындар ойнатқаны анықталды. Сотта қарау барысында сотталушы Ш. өзінің кінәсін толық мойындады. Аталмыш әрекетіне шын жүректен өкінетінін көрсетті. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, оған 250 АЕК мөлшерінде 601250 теңге айыппұл салынды», деп жазылған Жаңақорған аудандық соты таратқан хабарламада.
13 желтоқсан 2018 ж. 1 260 0