Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТІС ЕМДЕУ ТЕГІН БЕ?

ТІС ЕМДЕУ ТЕГІН БЕ?


Газеттің №58 санында «Тіс жегісі: науқастар саны неге көбейді» тақырыбында мақала жазған болатынбыз. Осы мақалада емхананың тіс дәрігерлері жүкті әйелдер, көпбалалы аналар, мектепке дейінгі жас балалар, ардагерлер тегін емдейтінін айтқан еді. Шындығында тіс емдеу кімге тегін, кімге ақылы? Тегін емделуге тиіс тұрғындар неге ақылы қызмет алуда? Біз осыны зерделеп көрдік.
Мақала шыға салысымен, редакцияға қоңырау шалушылар қатары көбейді. Солардың қатарында әрі көпбалалы, әрі жүктілік мерзіміндегі Салтанат Әбіләкімқызы тіс емдеудегі бірнеше мәселерді айтты.
– Маған гиниколог 4 ай бұрын тіс емдеу­ге стоматологтарға жіберген еді. Ол кезде жүктілік мерзімі 2 ай еді. Тіс дәрігері Сарыбай Аллабергенов бала қозғалғанша күтуім қажет екенін айтты. Осылай 5 ай мерзімнен асқан соң, қайта тіс дәрігеріне келдім. Алайда, жүкті әйелдерге қажетті дәрі-дәрмектер жоқтығын, тегін ем ала алмайтынымды айтып, тағы бір ай күттірді. Соңында, тіс ауруы дендеген соң, ақылы негізде тіс емдеттім, – дейді оқырман мұңын шағып.
Осы қоңыраудан кейін, емханадағы тіс дәрігері кәбинетіне келдік. Кәбинеттің кіре берісіндегі тақтада жүкті әйелдер, көпбалалы аналар, мектепке дейінгі жас балалар, ардагерлер тегін емдейтіні туралы ақпарат ілінген. Осыны алға тартып, Сарыбай Аллабергеновтен сұрау салдық.
– Қазір тегін емделушілерге дәрі-дәрмек қарастырылмай тұр. Бұрын шындығында тегін емдеуге қажетті тауарлар келетін. Егер дәрі-дәрмек бөлінсе, біз емдеуге әзірміз, – деді дәрігер.
Жүкті әйелдің өтінішін жерге тастамай, емхананың әйелдер денсаулығына жауапты дәрігер Ғалия Төребаеваға жолықтық.
– Бүгінгі таңда тегін емделуге тиісті тұрғындардың дәрі-дәрмегіне тендер жарияланды. Дегенмен, ешқандай кәсіпкер осы іспен шұғылдануға ниет танытпай отыр. Осы себепті, тұрғындарға тегін тіс емдеу ісі берілмей тұр, – деді.
Алдағы уақытта тендер қайта жариялануы қашан жүретіні белгісіз. Білетініміз, тендерге түскен қаражаттың шығынды толық жаппайтынын ұққан кәсіпкерлер бұл іске ынта білдірмейтіні анық. Ал, тісті тегін емдеуге бөлінген қаражат үнемделген қаражат есебінде қоржында тұра бермек. Сондықтан, оқырмандар тіс емдеу ісі кімге де болсын ақылы екенін ескеретеміз.

ТҮЙІН. Тілшілерге ақпарат берерде жалғандыққа баратын жауапты мамандар жауапкершіліктен жалтарып бағатыны жасырын емес. Көзі ашық, көкірегі ояу оқырман қоғамдық мәселелерді қозғауға, ақиқат пен жалғандықты ажыратуға ықпал етсе, көшіміз ілгері болры сөзсіз...

Мақпал МАРҚАБАЙ.
15 қыркүйек 2018 ж. 1 683 0