№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мерейдің мерейі биік

Мерейдің мерейі биік


Әр адам өмір жолында ақ халатты абзал жандармен кездесіп, олардың ыстық алақанының жылуын сезінеді. Адам жанының арашасы дәрігер мамандығын игеру үшін де үлкен жүрек керек. Сондай батыл жүректі дәрігердің бірі Мерей Жұмаш.


Ол Алматы қаласындағы С.Асфен­дия­ров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетін бітірген. Аудандық емханадағы физикалық кабинетте жұмыс жасап жатқанына үш жыл болды.
Карантин басталғалы дәрігерлерді жіті бақылап, біразын тани түскеніміз рас. Шынында да олардың қызметі карантин басталғалы күрделене түсті. Күнді түнге алмастырып, үйден жырақта жүр. Мерей осы дерт ауданда тіркелгелі жұмысынан осы жаққа ауысқан. Өз мамандығын шын сүйетін дәрігер үшін қай жақта қызмет етуі маңызды емес. Ол тек адам жанын арашалап, оның өміріне қаупін азайта алса болғаны. Қауіп пен қатердің ортасында індетпен күресте міндетін адал атқаруды басты мақсаты еткен кейіпкерімізді бүгінгі күннің батыры десек те болатындай.
– Ең алғашқы сырқат тіркелген күннен жұмысқа жұмылдырыл­ған­дардың ішінде мен де бармын. Алғашында кәсіптік колледжде, кейін шипажайда болдық. Алғаш «covid 19» тіркелген аурумен бетпе бет келуге тура келді. Бойымыздағы үрейді сабырға жеңдіріп, нұсқаулық бойынша жұмыс жасадық. Науқаспен байланысқандарды, сондай-ақ вахта­лық жұмыстан сырттан келген­дерді екі апта карантинде ұстау қиындық тудырған кездер болды. Ал қазір тікелей науқастармен жұмыс жасаудамыз. Орталыққа келіп түскендердің көбі егде жастағы кісілер. Бұл карантиндік режимді сақтаудың арқасында ауру аздап сейілді. Десе де өзіме жүктелген жұмысты аяғына дейін адал атқару менің азаматтық борышым, – деді Мерей.
Мерей Сейдахметұлы отбасылы. Жары Ақтоты Алпысбаева болса №167 мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Бір ұлы бар. Әкесі Сейдахмет пен анасы Қарлығаш болса үнемі ұлдарының тілеуінде. Ата-ананың тілегі қашанда бауыр еті баласының амандығы. Десе де, адамның тәні мен жанын емдеуді өзінің борышы санаған Мерейдің осы мәртебелі мамандықты таңдағанына өкінген емес. Әрбір науқастың дертінен құлан таза айығып, өз отбасына оралғанын көргеннен асқан бақыт бар ма?
Иә, шыр етіп дүние есігін ашқан нәрестеден, еңкейген қартқа дейін медицина қызметкерлерінің жұмы­сына жүгінетініміз рас. Үміттің отын жағып, өмірдің гүлін сыйлап жүрген адам жанының арашасы саналатын мамандық иелерінің қадірі пандемияның қаупі күшейгенде арта түсті. Қарапайым қасиет иесі, ақ пейілді аялы алақан иелерінің жұмысы әрдайым мақтауға тұрарлықтай. Өйткені, олар өмір үшін күресіп жүр.

Әйгерім МӘДИҚЫЗЫ
29 шілде 2020 ж. 716 0