«Парасат» орталығында
Әрбір азамат өз өмірінің барлық сатысында әділеттілік принциптеріне негізделген мінез бен құлықты ұстана білгенде, ар-ұжданды жоғары қоятын мінсіз қоғамды орната алады екенбіз. Оған біздің мүмкіндігіміз, ерік-жігеріміз жете ме?
«Болмасаң да, ұқсап бақ» деген бар қазақта. Қазірде алдыңғы қатарлы мекеме, ұжым жанынан «Парасат» орталығын ашудағы мақсат ізгілікті қоғамға үлес қосу, жас өркенді жақсы іске куә етіп, келешек өміріне тағылым ету талабы алдыға шығып отыр.
Бейсенбі күні аудандық орталық кітапханада өткен жиын осындай тақырыпта өтті. Кітапхана директоры Әсем Тілеубергенованың модераторлығымен өткен жиынға ауылдық кітапханашылар корпусы ZUM байланыс желісінде қатысып, келешек жұмыс жобаларына бағыт-бағдар алды.
Кітапханада ұйымдастырылған «Парасат» адалдық алаңының бұл екінші басқосуы. Бұл жолы дөңгелек столда елдің зиялы өкілдері, заң және ағарту, мәдениет және БАҚ өкілдері бас қосты. Аудан әкімі аппаратының құқық бөлімінің маманы Мұзаффар Нұржан сөз алып, аудан әкімі жанынан «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері» жөнінде арнайы комиссия құрылғанын мәлімдеді.
«Ақмешіт-адалдық алаңы» кеңсесімен бірлесіп, қоғамда парасаттылық идеясын қалыптастыруға бағытталған жобада мәдени-көпшілік орындарда, қоғамдық көліктерде, денсаулық сақтау орындарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында жауапты мамандар бекітілген.
Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» жобасы аясында көп балалы аналарға, аз қамтылған отбасыларға әлеуметтік қолдауға жағдай жасауға мүмкіндік бар. Мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік сатып алу аясында құқық-бұзушылықтарды болдырмауды қадағалауда «Ашық бюджет» интерактивті тақтасы арқылы аудандағы негізгі сала басшылары өз жұмыстары жайында есеп беріп отыруға міндеттелген. Сыбайластық көріністерге төзбеушілік бағытында әлеуметтік сауалнама жүргізіп отырады екен.
Адалдық тақырыбында ойын өрбіткен елдің қадірменді ақсақалы Сейдулла қажы Омаров сөзін былай сабақтады:
– Ешбір кісі өзінікін бұрыс демейді. Елге ақыл айтатын әркім өзінікін жөн санайды. Осы тұрғыда Жүсіп Баласағұнидың айтқаны бар: «Ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін бағдарлау үшін ақыл жеткіліксіз. Баста ақыл көп, соның ара-жігін ажырата алуда ақылға парасат пен пайым көмекке келеді». Сондықтан парасаттылықтың орны бөлек. Ардагер ұстаз Күләнда Жақыпбекова, қаламгер Файзулла Сахиев осы тақырыпта ой-пікірлерін бөлісті.
Басқосудың келесі бөлімі – «Бақыт кілті» атты жаңа кітаптың авторы – Батыр ана, Қазақ ССР оқу ісінің үздігі, ардагер ұстаз Зәпира Рахманбердімен сұхбатқа ұласты. Бүгінде сексен жасқа толып отырған ананың өзінің жары, ауданда бірнеше білім ордаларын басқарып, соңына өлмес із қалдырған бірегей тұлға Арасат Фейзулдаев туралы кітап жазып, оқырманға ұсынғаны ерлікпен пара-пар.
Кітап тек естеліктерден ғана тұрмайды. Еңбекте жас ұрпақ тәрбиесіне қатысты ұстаз – ананың ойға түйген тағылымдары өзгеше мәнермен өрнектелген.
Жыл сайын Арасат Фейзулдаев атында облыстық пән олимпиадасы өткізіліп келеді. Соның барлығында аға перзенттері елдік шараға демеуші болып жүр. Бұдан бұрын Меккеге барып, міндетті парызын өткеріп қайтқан қажы апаның перзенттеріне әдемі ақ тілеуі де жанды елжіретеді. Отан – отбасынан басталады. Өз балаларына ғана емес бүтін ұрпақты ұлағатқа баулитын еңбек осынысымен құнды.
Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ