№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Көктемгі дала жұмыстарына дайындық қалай?

Көктемгі дала жұмыстарына дайындық қалай?

Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің төрағалығымен өткен алқалы жиын осы маңызды мәселені талқылауға арналды. Оған бөлім басшылары, сала мамандары мен ауыл әкімдері қатысты.
Басқосуда алғаш болып сөз алған аудан басшысы көктемгі егіс барысында тамшылатып суару әдісін кеңінен қолданып, үнем мен ұқыптылыққа көңіл бөлуге шақырды.
– Көктемнің әр күні жылға азық дегендей, қазір жұмыстың нағыз қызған шағы. Күн жылынып, жер арқасы жібіген шақ шаруа адамының да білек сыбана қарбалас тірлікке кірісетін кезі. Сәл кешіксеңіз еткен еңбектің еш кететінін қаперге ұстаған жөн. «Не ексең, соны орасың» деген тәмсіл де осыған қарата айтылған. Сондықтан көктемгі тынымсыз еңбектің өтемін күзде, жиын-терін кезінде көруге атсалысуларыңыз керек, – деді әкім.
Одан әрі дала жұмыстары қызу жүріп жатқанына және енді атқарылатын іске тоқталып өткен ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Талғат Зейдалиев: «Биыл аудан бойынша 36108 га жерге ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі деп жоспарлап отырмыз. Жалпы ауданда ауылшарушылығымен айналысатын 781 шаруашылық құрылымның 485-і егін егумен айналысады. Оның ішінде 200 шаруашылық күріш өсірумен айналысқалы отыр. Ауданда соңғы үш жылда ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыруға басымдық беріліп келеді. Нәтижесінде бүгінгі таңда егілген 4590 га күздік бидай дақылының 3700 га жақсы, 661 га орташа, қалған 229 гектары нашар деп бағалануда. Сонымен қатар Бесарық ауылдық округіне қарасты «Пазылбек Қажы» шаруа қожалығында «Акватерра гидрогелі» су үнемдегіш жаңа технологиясымен 500 гектарға мақсары, 100 гектарға жаздық бидай дақылдарын егуді жоспарлап отырмыз. Дәл қазіргі уақытта Орал қаласынан 15 тонна мақсары тұқымы сатып алынып, аталған егісті орналастыру үшін жер айдау жұмыстары жүргізлуде», –деді сала басшысы.
Талғат Бимағамбетұлының сөзін¬ше, Талап ауылдық округінде «Қызылорда AGROPlus» ЖШС шетел¬дік инвесторлармен бірлесіп, 3,0 мың гектарға қызанақ дақылын егуді және томат пастасын өндіру жобасын енгізу жөнінде келіссөз жасалған. Сала маманының сөзінен ұққанымыз, алдымен сынама ретінде аталған жұмыс іске асу бағытында биылғы жылы 2 га жерге қызанақ егуді жоспарлап отырғанын білдік. Сондай-ақ көктемгі егіс дала жұмыстарына 201 трактор, 82 соқа, 42 дән сепкіш, 42 жүк көлігі және 101 трактор тіркемесімен дайын, ол үшін «Нефть Транс Қызылорда» және «ЖаңақорғанОil» ЖШС-мен барлығы 1888,5 тонна арзандатылған дизель отынына тапсырыс беріліп, шаруашылықтарға бөлініп отыр екен. Осы ретте ауыл әкімдеріне құлаққағыс жасаған бөлім басшысы ендігі кезекте арзандатылған дизель отынын таратушы мекемелермен мерзімінде келісім-шартқа отыру жағын қамтамасыз етуді тапсырды.
«Кешігіп жеткен жаз берекелі болады» деген сөз бар. Шынында да, қазіргі ауа-райының құбылмалы болып тұрғаны, оның үстіне елімізде орын алған төтенше жағдай кез келген шаруаға оңай соқпасы анық. Бұл өз кезегінде бірқатар шаруаларға дер кезінде атқарылуға тиіс іс-әрекетке кедергі болары сөзсіз. Бір қуантарлығы, жаңақорғандық шаруалар көктемнің әр күнін тиімді пайдаланып, егістерін егуде кеш қалмаған. Бұл күзде жиналатын өнімнің мол, қамбамыздың астыққа толуының бірден-бір кепілі. Бәріне сабырмен қарап, төтенше жағдайда ұстамдылық танытсақ қана өмір көшінен кешікпейтініміз анық…

Лаура БИБАСАРОВА
07 сәуір 2021 ж. 607 0