Тұлғаны ұлықтау – елдікті ұлықтау
Жаңақорған кентінде тұлғатану тағылымына арналған іс-шаралар өтті. Алдымен Жаңақорған агро-техникалық колледжінде еңбек ардагері Тынысбек Ысқақовқа арналған бюсттің ашылуына куә болдық. Одан кейін Жаңақорған кентіндегі Өркендеу көшесі Ұлы Отан соғысының ардагері Сейдан Нұрлыбаевтың есіміне өзгертіліп, соның ашылу рәсімін көрдік.
Қос іс-шараға тұлғалардың ағайын-туысы мен елдің игі жақсылары жиналды. Азаматтардың өнегесі өрнектеліп, жастарға үлгі етті және тұлғаны ұлықтау – елдікті ұлықтау жолы екені айтылды.
Колледжде өткен іс-шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов алғысөз сөйлеп, еңбек адамын дәріптеу арқылы жастардың бойына еңбексүйгіштік қасиетті сіңіру маңызды екенін атады. «Игілік ата» қорының президенті Нәсен Қажабаев:
– Білім ордасындағы іс-шараны елеулі оқиға деп бағалаймын. Қарапайым күрішші, бригадир ретінде елдің ырысы тасып, берекесі артуына күш-қуаты мен ерік-жігерін жұмсады. Жоғары кеңестің депутаты болып, елдік істерге араласты. Еңбегі ескерусіз қалмай, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығын алды. Тынысбек Ысқақовтың өнегелі өмірі жастарды белсенді болуға, білімін шыңдап, біліктілігін арттыруға ынталандырады деп ойлаймын, – деді.
Ел ағасы Файзулла Сахиев пен Әлібек Сүгірбаев, Серік Мұсабай сөз алып, Манап Көкенов Тынысбектің сенімді өкілі ретінде бірге елді мекендерді аралағанын, Халық ақынының мұндай құрметі еңбек адамының азаматтық болмыс-бітімінен хабар беретінін сөз етті. Ақын Ахмет Есербеков арнау оқыса, жазушы Сексенәлі Раханов естеліктерімен бөлісті. Сыр өңіріне белгілі азаматтар Омархан Дүйсеев, Алмас Нәлібаев, Сауран Елеуов, Рахымбаба Құтыбаев ағайынның бірлігін арттырып, берекесін тасытқан іс-шараның маңызына тоқталып, Тынысбек Ысқақовтың адамдық, қайраткерлік қырлары жайлы айтып берді.
Іс-шара соныңда колледж директоры Жомарт Шәуенов қашанда Тынысбек Ысқақов сынды түлектерімен мақтанатынын, бүгінгі жастар еңбек адамынан үлгі-