№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Ардагерлер волейболмен дос

Ардагерлер волейболмен дос


Жаңақорған кентінде Ұлы Отан соғысының ардагері Құдабай Наурызбаевты еске алуға арналған волейболдан ардагер спортшылар арасында аудандық ашық турнир өтті.

Денешынықтыру-сауықтыру спорт кешенінде өткен турнирге 6 команда қатысты. Дәстүрлі турнирдің нәтижесі бойынша Жұмахан Нұртазаев бастаған Жаңақорған командасы бірінші орынды алды. Ал күміс тұғыр Шиелі ауданына бұйырды. Үздік үштікті Қызылорда қаласының волейболшылары түйіндеді.
– «Ерлік мәңгі өлмейді» демекші, Құдабай Наурызбаевтың есімін ұрпақ­тары жыл сайын осылай ұлықтайды. Биылғы турнирдің ұйымдастырылу деңгейі жоғары. Дәстүрлі турнир жыл сайын жалғасын таба береді, – деді аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Махмут Рахымжанов.
Жеңімпаз командалар мен үздік ойыншылар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің грамоталарымен және демеушілердің тағайындаған бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
20 қараша 2019 ж. 895 0