№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тіл-мемлекеттің тұғырлы тірегі

Тіл-мемлекеттің тұғырлы тірегі

Тіл-тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым.Тілсіз –тәуелсіздік, егемендіксіз – тіл болмақ емес. Тіл тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тіл- қазақ тілі болып жарияланды. Бұл тұста Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақтың болашағы қазақ тілінде», – деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды. Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нышаны-мемлкекттік тіл. Тәуелсіз Қазақстанның болашағы-біз, яғни, қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз-қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Мемлекеттік тілді дамыту – бәрімізге ортақ міндет.
Халықтың тәуелсіздігі ең басты белгісі-оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашанда егеменді бола алмайды, болуы мүмкін емес. «өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды», - деген қазақ тілі білімінің негізін салушы А.Байтұрсынов.
«Тіл туралы Заңның 4-бабында  «Қазақстан халқын топтастырудың маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру-Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп жазылған.
Үкімет өзге де мемлекеттік, жергілікті, өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті.
Қоғам дамуының басқа салаларымен қатар мемлекеттік тіл де тең дәрежеде дамуы қажет, өйткені ол мемлекеттік тәуелсіздігінің баянды болуына негіз жасайтын басты тіректердің бірі болып табылады.

Е.Абдраманов,
полиция капитаны

16 наурыз 2021 ж. 529 0