» » Тіл – ұлт өзегі

Тіл – ұлт өзегі


Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тіл тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Бұл тұста Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақтың болашағы қазақ тілінде», – деп алдымызға айқын жол ашып берді. Бізге тек осы ұстанымды жүзеге асыруға бар күш жігерді аямай, еңбек ету ғана қалды. Ел тәуелсіздігінің ең маңызды нышаны – мемлекеттік тіл. Тәуелсіз Қазақстанның бола­шағы – біз, яғни, қазақ жастары. Демек, біздің міндетіміз – қазақ тілінің мәртебесін асыру болмақ. Мемлекеттік тілді дамыту – бәрімізге ортақ міндет.
«Тіл туралы Заңның 4-бабын­да «Қазақстан халқын топтастырудың маңызды фак­торы болып табылатын мемлекет­тік тілді меңгеру-Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы» деп жазылған.
Үкімет өзге де мемлекеттік, жергілікті, өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық материалдық-техникалық жағдайларды жасауға міндетті.
Қоғам дамуының басқа салаларымен қатар мемлекеттік тіл де тең дәрежеде дамуы қажет, өйткені ол мемлекет тәуелсіздігінің баянды болуына негіз жасайтын басты тіректердің бірі болып табылады.

Алма ОРАЗБАЕВА,
Жаңақорған аудандық
сотының бас маманы
08 қаңтар 2021 ж. 601 0