№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Үміті жанған үздік либеро

Үміті жанған үздік либеро


Сандуғаш төртінші сыныптан бастап өзін ауылдағы кіл ағалары ойнайтын  ерікті волейболшылар  командасының бір мүшесі ретінде сезініп, аут кеткен допқа қолы тиіп, алып беруге жарағанына қуанып, осы бір міндетін ойынның ақырына дейін мінсіз атқарып шығуға тырысатын. Әуеде шыр айналып, шынайы  іңкәрлікті оятқан осы бір қызыл ала, сары ала  ойын добына қызығушылығы күн санап артқан жауқазын жетінші сыныптан соң-ақ команданың бір мүшесі болып шыға келген.
Сандуғаш 1988 жылы Қандөз ауылында дүниеге келген. Ауылдағы №240 орта мектепте білім алды. Мектепте сабақты үздік оқуымен қатар өзінің спортқа деген қызығушылығымен жаттықтырушы ұстаздары – Ерік Жайықбаев пен Бағлан Елеуовтердің сенімін ақтап, келешек мамандығын да осы саламен терең байланыстырды.
Оныншы сыныптан бастап ағайлары шәкіртін Батырқожа Бабаевтың қара­мағына берді. Неге десеңіз, Байкенже мектебінде бай тәжірибе қалыптасқан. Қатарластарымен бір­ге дамып, жетііліп отыруына мол мүмкіндік бар.
– Қожеке, менің оқушымның ойынын көрші, - деп  қоймаған  Бағланды қоштаған Батыр «Ия, байқадым. Әрі қарай жұмыс жасаймын» - деп уәде берген. Сол айтқанындай,  Сандуғаш  сенімді ақтап, үздік көрсеткіштерімен таныла бастады.
Бірде шымкенттік әріптестері Батырға өтініш айтып лигаға жақсы ойыншы сұраған. Бұлар Сандуғашты қосуды ойлады. Көзіне қораш көрінді ме, «бойы тым кішкентай екен» деп сенімсіздік біілдірген тренерге Батыр жік-жапар болып: « Мен саған жаман ойыншы берем бе? Алдымен ойнат, сосын бересің бағаны» деген еді. Айтқанындай, Шымкенттің жоғары лигасында  үздік қорғаныс тәсілдерімен көзге түскен Сандуғаш «Лучшая либеро» атағын жеңіп алды. 
2014 жылы қараша айында Арал қаласында 1998-1999 жылғы жастар арасында  өткен сайыста жаңақорғандық қыздар Арал командасын 25:0 есебімен жеңіп, айды аспанға бір-ақ шығарған. Осы жеңісте Сандуғаш Асановамен қатар байкенжелік  Әби Аружан, Сағынбай Ақтолқын, Жаңарықтық Ақмарал Нуридин, Әбдіғаппар Жайдар, допты беруде және қабылдауда  аса шеберлік танытқан  Пірәлиева Наргиздың сергек те, қырағы қимылдары көпті қайран қалдырған еді.
Шымкент қаласындағы  Оңтүс­тік Қазақстан педагогикалық инс­ти­тутының  денешынықтыру және спорт факультетінде оқып жүр­генде  басшылықтың қолқасымен  «Қазы­ғұрт» командасында ойнап,                                                                                    әйелдер арасында Қазақстан бі­рін­шілігінде 1 орын алып, қола жүлдені иеленді. Ал бұл жерде жат­тықтырушылар Әбілдаев Руслан, Құдайбергенов Мұрат ағайларынан  үйреніп, бойға түйгені көп. Ол осы іс - тәжірибелерді енді өзі кең пай­да­ланып келеді.
Ауыл қыздарының Уральскіде, Теміртауда атышулы Сана Жарыл­қасыновамен жетеғабыл ойынына куә болған СССР спорт шебері, жарысқа төрелік еткен  Елисеевтің: «Қыздарыңды неге  жоғары лигаға жібермейсің? Қатты секіреді, қай­раттылықтары да басым» деп сүйсіне ескертуі көп нәрсені аңғартып тұр.
Қазірде Байкенженің түлегі Асано­ва Сандуғаш Түгіскен спорт мектебінде жұмыс атқарады. Өзінің осынау мамандыққа түбегейлі бет бұруына тікелей ықпал еткен өз әкесі Асан Ізтілеуовке өзін шексіз қарыздар сезінеді. Өйткені ол өзінің мамандығын сүйеді.

Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ
18 наурыз 2021 ж. 552 0