Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жергілікті волейболшылар жеңіске жетудің құпиясымен бөлісті

Жергілікті волейболшылар жеңіске жетудің құпиясымен бөлісті


Жақында Шиелі ауданы Телкөл ауылындағы Ә.Тәжібаев атындағы мектепте волейболдан облыс біріншілігінің ІV айналымының қорытындысы бойынша Жаңақорған ауданының қыздар құрама командасы І орынды жеңіп алды.


Біріншілікке 8 команда қатысты. Жаңақорғандық волейболшылар Арал, Шиелі, Қазалы, Қармақшы аудандарының қыздарымен кездесті. Ұпай санымен біздің аудан бірінші орын алса, екіші орынды Сырдария, үшінші орынды Қармақшы ауданының қыздары иеленді.
– Біздің құрама алаңда тамаша ойын өрнегін көрсетті. Жарыс аса тартысты өтті. Десе де бойжеткендеріміз өздерінің үздік екендігін тағы да айқын дәлелдей білді, – дейді команда жаттықтырушысы Батырқожа Бабаев.
Биылғы жыл «Жастар жылы» деп жарияланғаны белгілі. Осы орайда аудан, облыс көлемінде көптеген спорттық шара өтіп жатыр. Себебі жастардың денсаулығы мықты болса, мемлекеттің де іргесі берік, болашағы жарқын болады. Қыздардың тәжірибелері мен өздеріне деген сенімділіктері осыған дәлел. Маусымдық ойындарда тек қана жоғары нәтиже көрсетіп келген бұрымды спортшылар бұл жолы да тура жолдан жаңылған жоқ.
1998-2000 жылы туылған жасөспiрiм волейболшы қыздар құрамасы Қандөз, Жаңақорған, Байкенже, Қожакенттің қыздарынан құралған. Былтыр Байқоңырда қаласында өткен «Халық ойыны» деп аталатын төрт жылда бір өтетін облыстық жарыстан да бірінші орынмен оралған еді. Міне, кезекті рет жеңіске жетіп, ауданның абыройын асыруда.
Толық құрамда ойын көрсететін Сандуғаш Асанова (команда капитаны), Аружан, Ақбота, Динара, Жанна, Инабат, Ақнұр, Әселхан, Ақмарал есiмдi спортшы қыздар волейболды шебер меңгергенін Шиеліде өткен біріншілікте тағы бір дәлелдеді.
– Волейболмен айналысқаныма үш жылдай болды. Биылғы облыстық бірінішіліктерде үнемі бірінші орынды бермей келеміз. Былтыр да дәл осындай жетістікке жеткен болатынбыз. Мені спортқа ата-анам баулыған. Спортты ұнатамын.Осы ойында финалға шықпас бұрын 4 командамен ойнадық. Жеңіс бізге бұйырды. Өте қуаныштымыз, – дейді волейболшы қыз Аружан Әби.
Айта кететіні, осы жарыста Аружан «Үздік шабуылшы» аталымымен марапатталды.
Қорыта айтқанда, Жаңақорған ауданында волейбол спорты дамуда. Оған Батырқожа Бабаев сынды бапкерлер еңбек сіңіріп жатқанын айту керек.

Лаура БИБАСАРОВА

17 тамыз 2019 ж. 1 201 0