№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа мектеп бітуге жақын ба?

Жаңа мектеп бітуге жақын ба?

Бүгін аяздың беті сынып, дала жұмыстары қайтадан жанданып, бойына қан жүгіре бастады. Соны сабақтап, аудан әкімі Руслан Рүстемов Жаңақорған кенті Б. Байкенжеев көшесіндегі 600 орындық №169 орта мектеп ғимаратының құрылыс жұмыстарымен танысуға түс қайта жиналды. Бұған дейін Іс барысына көңілі толмай, бірнеше сын-ескертпе жасаған. Енді соның нәтижесін тағы байқамақ. Қасына құрылыс саласының ардагері, ел жанашыры Қалмахан Тәжіғұлов ілесті.
Әдеттегідей, учаске басшысы Бағжан Аманов алдымыздан шықты. Көңіл күйі дұрыс, істің біршама алға жылжығанын байқатты. Мұнда кірпіш қалау жұмыстары екінші қабатта жалғасуда. Қазір 35 құрылысшы еңбек етуде. Күні ертең 30 жұмысшы тағы қосылмақ. Дегенмен құрылысшы қолы жетімсіздігі шындық жағдай. Бұл туралы аудан басшысы да баса айтты. – Құрылыс басталғалы 4 мәрте келдім. Әрбір сапарымда құрылыс талаптарына сәйкес тапсырма беріп келемін. Әсіресе, сапалық деңгейін сақтауға ден қою қажеттігін ескертіп жүрмін. Жаңа оқу жылына дейін нысанды тапсыру үшін құрылыс қарқынын күшейту керек, – деді ол.
Айта кету керек, бұл ғимараттың мердігері – «Өмірзақ» ЖШС, техникалық қадағалаушысы – «Стройинтеграция»ДСП ЖШС. Әзірге сын-ескертпе жетерлік. Мұны тапсырыс беруші – облыстық құрылыс басқармасы да қадағалап келеді.
Бұл жолы білгеніміздей, жұмыс кестесі өз ырғағына көшкен. Ішкі сылақ, электр желісін тарту қолға алынған. Дейтұрғанмен уақыттың сыны сылбырлықты сүймейді. Көктемнің әрбір шуақты күні бейнеттің бос белбеу өтпегенін күтеді. Руслан Рүстемұлы осы мәселені қадап айтты.
Келесі кезекте кенттегі Құлан Алдабергенов көшесі бойындағы 300 орындық мектептің ғимаратына келдік. Құрылыстың бас мердігері – «Қазқұрылыс Сервис» ЖШС екені белгілі. Учаске басшысы ауысыпты, жаңадан жас жігіт Жасұлан Исмайлов қызметке келіпті. Нысанда алға жылжушылық бар. Терезе орнатылған. Сылақ жұмысы жүргізілуде. Бұл жерде де жұмысшы қолы аз. Аудан әкімінің алғашқы сыны – жұмысшы күшін көбейтіп, сапалы жұмыс болу керек! Және ғимаратты дер кезінде тапсыруға барынша жұмылуды жүктеді.
Құрылыс нысанын аралау барысында Нұр-Сұлтан қаласынан ақжолтай жаңалық жетті. Жаңақорған кенті Саяжай ауданынан 2 қабатты, екі 18 пәтерлік үй құрылысын салуға республикалық бюджеттен 662 млн 307 мың теңге бөлінді. Осы жағымды жаңалықтан кейін аудан әкімінің қуанғанын көрсеңіз ғой, елге болсын деген азаматтың осылай бір арманы орындалып жатыр!
17 наурыз 2021 ж. 567 0