№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қаратау жотасы, таудың соңғы сілемі

Қаратау жотасы, таудың соңғы сілемі

Жайлау десе еріксіз төрт түлік мал еске түседі. Ендеше шамам келгенше тақырыпты сөйлетіп, табиғатты суреттеп көрейін.
Жайлау – жазғы қоныс. Қыстан қысылып шыққан қазақ Қыстаудан жайлауға қоныс аударған. Жайлауды суы мол, шөбі шүйгін, маса-сона, шыбын-  шіркей аз жерлерден әсірсе таулы аймақтардан таңдаған.
Дәл осындай ыңғайлы, табиғаттың тұнған көркемдігі бар, малға да, жанға да жайлы жер – Қызылорда облысындағы жалғыз таулы аймақ, Жаңақорған ауданының солтүстік –шығыс бөлігіндегі Қаратау жотасы, таудың соңғы сілемі.
Бұл жерде жыл сайын малшылар слеті өтеді. Кеңес үкіметі кезеңінде де аталған шара үлкен мереке болатын. Жалпы бұл шараның мақсаты –  адамдардың басын біріктіру, шаруалардың еңбегіне зор құрмет көрсету, көкпар шауып, жамбы атып, қыз қуып, түрлі ойындар ұйымдастырып, көктеген көктен, жаңарған жерден, қайта оянған табиғаттан шабыт алып, мәре- сәре болып, дәстүрді жаңарту, тағысын тағы.
Сезім мен сұлулық тұнған биылғы көктемнің қызығын жоғалтпаған малшы қауымы ғана. Өйткені, төрт түлік малдың төрт мезгілдегі машақаты бір сәтке де кідірмейді. Қазақ өнері мен ғылымының атасы да – малшылар. Төрт түлік жайлы сөз қозғасақ – жалпы қазақтың тіл байлығы, жан байлығы малға байланысты. Қазақтың ұлттық тағамдары малдың етінен сүтінен бастау алады. Керек десеңіз адамға қажетті өнімдердің көбісі осы мал өнімдерінен жасалынады. Ал енді тіл байлығына келсек, қазақ ең алдымен жағдай сұрасқанда, амандық білгенде, «Мал - жан аманба?» деген. Алдымен қорадағы малды сұраған. Себебі ол – азық. Ас адамның арқауы. Қазақтың мақал – мәтелдерін еске түсірсекте, малға қатысты мақалдар да аз емес, «Түйенің үлкені – көпірден таяқ жейді», «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» деген секілді.
Академиялық білімі жоқ, обсерваторияның не екенін білмейтін малшылар аспан әлемінің сырын ұқты. Көңілі малда, көзі көкте болды. Себебі, ол шаруа жайын уайымдады. Сондықтан азаннан қара кешке дейін мал соңында жүрген қазақ ауа райын гидрометеорологиялық дәлдікпен болжаған. Қыста түскен қарға, күз бен көктемнің жаңбырына қарап, жерасты суының қорын есептей алған, мұндай терең зерттеумен төрт түлікке жайлы өріс таңдау үшін ғана айналысқан.
Мына нәрселерге қалай таңғалмайсыз: Жылқы қыста оқыранып, ерінін жыбырлатса, кешікпей күн жылынып, қар суын ішеді. Қотандағы қой бір бағытқа қарап жусаса, кешікпей ту сыртынан боран соғады. Ай қорланса қыс қатты болады, күн қораланса қар қалың түседі. Күн қызыл шапаққа оранып батса, ертеңіне ыстық болады. Ай шалқалап туса, ауа райы мал-жанға жайсыз тиеді. Қыста бұлт желге қарсы көшсе, көп кешікпей қар жауады. Бұлт ортасынан ыдыраса, ауа райы күрт бұзылады. Кейде ләйлек деп аталатын дегелек құс келсе, жаз келді дей бер.
Қазекемнің мұндай зерттеу нәтижесі мың-сан және осы болжамдарға әдемі мақал-мәтелдері де еріп жүреді. Мысалы күн мен айдың қоралануына қатысты «ай қораланса – арбаңды сайла, күн қораланса – күрегіңді сайла» деген. Айдың шалқалап тууына байланысты «өзіне жайлы, шаруаға жайсыз» дейді. «Дегелек келді, кемпір шешем қыз болды» дейтіні де бар. Ал, енді қойдың еті уыз, сүті бал, елтірісі алтын, жүні жібек дейтін аталарымыз бұл малдың сүтінен небір ас түрін жасап, терісі мен жүнінен тон да киген, үй де соққан. Қазір компьютерлік есептің өзімен әлі толық түсіне алмай жатқан тоғызқұмалақ ойыны қойшы бабаларымыздың ойлап тапқаны. Сіз сол бабаларымыздың тоғызқұмалақ ойыны арқылы аспан әлемінің сырын ашқанын естідіңіз бе? Мінекей, өнер мен ғылымның бүгінгі жетістіктерін мал баққан қазағым қаш-шан меңгерген.
Айта берсек, қазақтың жеріне, табиғатына, дәстүріне, төрт түлігінеқатысты көп сөз қозғауға болады.
Бірлігі жарасқан, берекесі мол, табиғатына көз тоймайтын жаңарған Жаңақорғанда да көктемгі қуаныш, әз наурыздың мерекелік шаралары да жыл сайын жоғары дәрежеде аталып өтеді.
Жаңақорған аудандық сотыда осындай шараларға, айналаның көркейіп, гүлденуіне ат салысып, сенбілік жұмыстарын жүргізіп, тал егіп, көшет отырғызумен өз үлесін қосады.
         
Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.
12 наурыз 2021 ж. 1 172 0