№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа заңнама қолданысқа енеді

Жаңа заңнама қолданысқа енеді


Бұл Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодекс негізгі 2 бөлімнен тұрады. Алғашқысы, әкімшілік рәсімдер, ол – әкімшілік органның, лауазымды тұлғаның істі қарауы, сол бойынша шешім қабылдауы, шешімді орындау жөнінде азаматтардың, заңды тұлғалардың жолданымы немесе өз бастамасы бойынша жасалатын қызметі. Екіншісі, әкімшілік сот ісін жүргізу, жария-құқықтық қатынастарда жеке тұлғалардың бұзылған немесе дау айтылатын құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін тиімді түрде қорғау және қалпына келтіру мақсатцында әкімшілік істерді мамандандырылған әкімшілік соттардың қарау тәртібі.
Осы заңнама жүзеге асыру мақсатында облыс орталықтары мен қалалардан жаңа мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік соттардың ашлуы көзделген. Жаңа соттар жария-құқықтық қатынастардан туындаған дауларды қарайды. Мәслене, әкімшілік органның немесе лауазымды адамның шешіміне, сот орындаушысының әрекетіне қатысты, уәкілетті органның мемлекеттік сатып алуды өткізуді тексеру қорытындылары бойынша шешімдері мен қорытындысына, нұсқамаларына дау айта алады. Сайлауға, республикалық референдумға қатысатын азаматтар мен қоғамдық бірлестіктердің сайлау құқықтарын қорғау да жатады. Жергілікті атқарушы органдардың алқаби ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысты құқығын бұзатын шешімері мен әрекеттеріне дау айтуы да жатады.
Осы аталған даулар жаңадан құрылатын мамандандырылған әкімшілік соттардың соттылығына жатқызылады. Жаңа Кодекс талабына сәйкес әкімшілік істер бойынша жауапкер болып сотта талап қою берілген әкімшілік орган немесе лауазымды адам табылады. Егер сіз өзіңізге қатысты әкімшілік органның қабылдаған шешіміне келіспесеңіз, онда сол актіні шығарған және әрекет жасаған органның орналасқан жері бойынша сотқа талап қоюға, жүгінуге құқылысыз. Сондай-ақ, ҚР шегінен тысқары жерде шығарылған әкімшілік акт Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралады.
Электрондық құжат нысанында шығарылған әкімшілік акт талап қоюшының тұрғылықты жері бойынша қаралады. Егер сізге қатысты әкімшілік акт тұрғылықты жеріңіз бойынша емес, басқа облыста орналасқан әкімшілік органмен электронды нұсқада шығарылса, сіз ол актіні даулаған жағдайда өзіңіздің тұрғылықты жеріңіз бойынша сотқа жүгінуге құқылысыз.
Жария-құқықтық қатынастардан ту­ын­даған дауларда әкімшілік актімен, әкімшілік әрекетпен ұштасқан жауапкер болып табылатын әкімшілік орган немесе лауазымды адам келтірген залалды өтеу туралы талап жоғарыда аталған мамандандырылған аудандық және оған теңестірілген әкімшілік сот қарайды. Ал, осы жария-құқықтық қатынастардан туыцндаған моральдік зиян өндіру жайлы талап қою азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралуға жататыны белгіленген.
Сондай-ақ, жария-құқықтық қаты­настарға қатысы жоқ және бөлуге жатпайтын талаптар бөліп көрсетіліп, соттылығы бойынша тиісті аудандық сотқа жіберілуге жатады.

Бибайым НӘЛІБАЕВА,
аудандық соттың кеңсе меңгерушісі
11 наурыз 2021 ж. 805 0