№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі

Татуластыру рәсімдерінің тиімділігі


Сотта азаматтық істер бойынша тараптарға дауды медиация арқылы шешу, қоғам арасында насихаттау жұмыстардың жүргізілуін іске асыру, халықтың татуластыру рәсімдеріне қызығушылығын арттыру бойынша қазіргі таңда жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Соның негізінде медиация рәсімін кеңінен қолдану бойынша атқарылған жұмыстар өз нәтижесін беріп, осы күні тараптар өзара келісімге келіп, адамгершілік қарым-қатынастарын сақтап қалуларына ықпал етуде.
Қазақстан Респуликасының Азаматтық процестік кодексіне енгізілген жаңашылдықтарың бірі татуласу рәсімдерінің қолданылу аясын кеңейту, яғни татуласу рәсімдері жүргізілген кезде талап қою арызы түскен күннен бастап он жұмыс ішінде жүзеге асырылады. Бұл өз кезегінде татуластыру рәсімдерін жан-жақты жүргізуге тараптардың сотқа дейін дауласу деңгейін төмендетуге ықпалын тигізуде.
Соның бірі Жаңақорған аудандық соттында татуластырушы-судья И.Тунгышбаевтың өндірісіне талап қоюшы Б-ның жауапкер І-ді ортақ балалары үш жасқа толғанша 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде алимент өндіру және талап қоюшы Б-ның жауапкер Қ. тұрғын үйді босатуды міндеттеу және заңсыз салынған құрылысты бұздырту туралы талап қою арыздары келіп түсті.
Татуластырушы-судья талап арыздар сотқа түскеннен кейін тараптармен әңгімелесу барысында, оларға дауды татуластыру рәсімдері бойынша шешуді ұсынып, оның артықшылықтары мен салдарын түсіндірді.
Нәтижесінде екі талап бойынша тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу жайлы шешімге келіп, келісімді бекітуге өтініш берген.
Аталған істер бойынша дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің талаптарына сәйкес, бірінші іс бойынша жауапкер ортақ балалары үш жасқа толғанға дейін алимент төлемдерін қолма-қол төлеуге міндеттелсе, ал екіншіс іс бойынша жауапкер 2021 жылы 30 сәуірге дейін үйді босатып беруге және үйіне жапсарлас салынған асхананы бұзып алып кетуге міндеттеме қабылдады.
Осы негізде талап қоюшылар талап қоюынан бас тартты.
Сот ұйғарымдарымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімдері бекітіліп іс жүргізу тоқтатылды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық баспасөз қызметі.
25 ақпан 2021 ж. 887 0