№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТАТУЛАСТЫРУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

ТАТУЛАСТЫРУ ШАРАЛАРЫН ҚОЛДАНУ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ

Жаңақорған аудандық сотында «Татуластыру рәсімдерінің сот істерін қараудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Шараға Жаңақорған аудандық сотының судьялары, аудандық заң консультациясының адвокаттары, кәсіби медиаторлар, жергілікті басылым тілшісі қатысты.
Дөңгелек үстелді аудандық сот төрағаның міндетін атқарушы Әлия Түбекбаева алғы сөзбен ашып, татуластыру рәсімдерінің тиімділігіне, сот істерінің көрсеткіштеріне тоқталды. Шара барысында судья Ә.Түбекбаева осы тақырыпта баяндама жасап, медиация қолданылуға жататын қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің санаттары, партисипативтік, медиация, татуласу рәсімдерінің басымдықтары, дау-шарды медиация, партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімдердің мазмұнына тоқталды. Әрі, олардың заң талаптарына сай келуі, соттың тараптар арасында жасалған дау-шарды татуласу медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді бекіту мәселелерін 

Дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңын жүзеге асыру, партисипативтік рәсіммен татуласу келісімдерімен аяқталатын істердің санын арттыру мақсатында істерді қарау барысында татуластыру рәсімдерін кеңінен қолданып, халық арасында татуластыру рәсімдерін кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізу қажеттігін атап өтті.
        
Жаңақорған  аудандық сотының баспасөз қызметі.

25 сәуір 2019 ж. 925 0