Тараптар татуластырушы судьяның көмегімен татуласты

Жаңақорған аудандық сотында татуластырушы-судья Э.Рыскуловтың өндірісіне талап қоюшы А-ның жауапкер Т-дан қырыз ақша және талап қоюшы А. жауапкер А-дан жол көлік оқиғасының салдарынан келген шығынды өндіру жайлы талап қою арыздары бөлінген.
Талап арыз сотқа түскенен кейін татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, оларға дауды татуластыру рәсімдері бойынша шешуді ұсынып, оның артықшылықтары мен салдарын түсіндірді.
Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы ортақ шешімге келіп, келісімді бекітуге өтініш берген.
Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің талаптарына сәйкес, жауапкерлер берешекті ай сайын бөліп төлеуге міндеттелген, ал талап қоюшылар талап арызынан бас тартқан.
Сот ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.
Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі.