Тараптар татуластырушы судьяның көмегімен келісімге қол жеткізді

Жаңақорған аудандық сотында татуластырушы-судья Э.Рыскуловтың өндірісіне талап қоюшы У-дың жауапкер А-дан қарыз ақша өндіру және талап қоюшы П-ның жауапкер Н-нан шарт бойынша қарыз өндіру жайлы талап қою арыздары бөлінген.
Талап арыз сотқа түскеннен кейін татуластырушы-судья тараптармен әңгімелесу барысында, оларға дауды татуластыру рәсімдері бойынша шешуді ұсынып, оның артықшылықтары мен салдарын түсіндірді.
Нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен шешімге келіп, келісімді бекітуге өтініш берген.
Дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімінің талаптарына сәйкес, жауапкерлер берешекті ай сайын бөліп төлеуге міндеттелген, ал талап қоюшылар талап арызын бас тартқан
Сот ұйғарымымен дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп іс жүргізу тоқтатылды.
Ақпарат: Жаңақорған аудандық баспасөз қызметі.