№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұрлық пен тонау тыйылмай тұр

Ұрлық пен тонау тыйылмай тұр


Барымташылықты атакәсібіне айналдырғандар елдегі төтенше жағдайды ұтымды пайдалануға барын салғандай. Әсіресе мал ұрлығының жолына тосқауыл болмай тұр. Ұрлықтың тыйылмауында ағайынгершіліктің әсері де бар. Паданың жоқтығы да барымташыларға тиімді болып тұр. Темір торға тоғытылып, қазір бостандықта жүргендер арасында ұрлық жасаушы, тонаушылар да аз емес. Көбісі жұмыссыздықты алға тартады, шын мәнінде солай болса, күнелтудің де басқа амалы бар емес пе?

Ел арасында «малға болмаса, адамға зияны жоқ еді ғой» деген әзіл-шыны араласа тіркес бар. Соңғы жылдар мал ұрлығының ахуалы ушығып кеткені рас. Жыл басынан бері аудандық сотта 8 адамға қатысты 6 іс ұрлық бойынша тіркелді. Бесеуіне үкім шықса, біреуі қысқартылды. Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Бибайым Нәлібаева берген мәліметтерді сараптап, үкім шыққан істерге шолу жасайық.
Алдымен мал ұрлығынан бастайық. Мал ұрлығы көбіне топтасып жасалатын қылмыстың бірі. Бұрындары Төменарық аймағы мен Сыр беткейдегі ауылдарда барымташылар көп болатын. Мұндай қылмыстық жағдай Ақүйік ауылында да тіркелді. Бірлік пен Құттықожа ауылының ортасындағы жайылымдық жерден құны 2 млн теңге тұратын жылқыларды қолды болды. Жәбірленушінің арызы бойынша кінәлілер табылып, ол келтірген шығынды өтеді. Бірақ жазадан құтылып кете алмады. ҚР Қылмыстық Кодексінің 188-бабының 1-тармағы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған үш азамат төрт жылға бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, биылдан бастап заң тәртібі қаталдатылды. Мал ұрлығы орын алған жағдайда 5 жылға, қайталанса 10 жылға дейін бас бостандығынан шектеу немесе айыру, заңсыз аңшылық 6-10 жылға дейін, қорғауға алынған аңдарды аулағанда 3-7 жылға дейін темір торға тоғытылады. Қарап тұрсаңыз істік болғандардың алдыңғы буыны 45-ке келген азамат. Тіпті біреуі мектеп мұғалімі. Үшеуі де бір-бір үйдің тірегі, арқа сүйер асқар тауы.
Мал ұрлығынан бөлек, үй ішінен бағалы заттар ұрлау көбейді. Жаңақорған кенті мен Қаратөбе ауылында үйден бағалы заттар алып кету деректері тіркелді. Алайда келтірілген шығынды өтегені үшін кінәлілер медиация арқасында жазадан құтылды. Бірі ақша ұрлап кетсе, енді бірі ұялы телефонын қолды еткені белгілі болды. Бұл ұрлық туралы қысқаша осы. Тағы ушығып тұрған қылмыстың бірі –  тонау, күш көрсету арқылы өзгенің мүлкіне қол салу. Мұндай қылмысқа көбіне жастар барады.
– Жыл басынан бері төрт айда 2 іс тіркелді. 191-баптың 2-бөлігінің 1,3,4-тармақтарында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін айыппен сотқа берілген 4 азаматтың ісі сотта қаралды. Жалпы былтыр да ұрлық, тонау сынды қылмыс түрлері аз болмады. Биылдың алғашқы төрт айында осындай жағдайлар өкінішке орай кездесіп отыр, – деді Б.Нәлібаева.
Қылмысқа барған жігіттердің барлығы кент тұрғындары. Үш жігіт бірігіп жанар май құю бекетін тонап, әрқайсысына 4 жылдан бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалыпты. Жәбірленушінің шығындары өтелгеннен кейін, айыпталушылар мемлекет қазынасына да қаржы құяды. Бұл үш азамат та бұрын істі болмаған, сотталмаған. Ал темір торда екі рет ауыр қылмысы үшін жазасын өтеп келген Ж есімді кент тұрғыны әйел затына қол көтеріп, үйін тонап кеткен. Қарақшы қолға түсіп, шығын өтелді. 200 мың теңге шығынын өтеді, мемлекет қазынасы мен 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейді. Ол олма, Заң оған 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жалпы айта берсек осылай кете береді. Ең бастысы адам шығыны жоқ, бірақ осындай оқылықты тыймасақ соңы жақсылыққа апармайтыны түсінікті.
Бұл сотта қаралған істер, ал сотқа жетпеген қаншама іс бар. Ел екі ай бойы енді еңсесін тіктеп жатқанда тығырыққа тіреудің соңы қатаң жазамен аяқталатынын олар естен шығармағаны жөн. Өйткені біз байқағанымыздай, зиян шеккендердің дені қарапайым тұрғындар. Енді өзіңіз ойлана беріңіз...

Әли ТЕМІРБЕК
18 мамыр 2020 ж. 538 0