Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Барымташылыққа кім тосқауыл қояды?

Барымташылыққа кім тосқауыл қояды?

Жыл сайын Жаңақорғанда неке бұзу, алимент өндіру, жол-көлік оқиғасы, қылмыстық істер, оның ішінде, ұрлық жасау көбеймесе, кемитін түрі жоқ. Кешегі төтенше жағдай, карантин режимін сылтауратқандар барымталықтан бөлек, есірткі бизнесіне көбірек көңіл бөлген тәрізді. Темір торға тоғытылғандар да аз емес, нәтижесінде аудан ауыр қылмыс саны бойынша Сыр өңірінде көш бастады. 9 айды қорытып, баспасөз конференциясын өткізген аудандық соттың төрағасы Әлия Түбекбаевадан құнды деректерге қанықтық.

Әр тоқсан сайын, конференция, брифинг өткізіп тұратын сот жұмысы ашықтық пен жариялылықты талап етеді. Бұл жолы 9 айда аудандық соттың сот төрелігін жүзеге асыру қорытындыларына арналған баспасөз конференциясы «WhatsApp» мобильді қосымшасы арқылы онлайн өтті.
– Жыл басынан бері сот өндірісінде 43 қылмыстық іс қаралып аяқталды. Оның 9-ы теріс қылық, екеуі онша ауыр емес, 3 іс орташа ауыр қылмыс санатында. Ал қалған 28 іс ауыр қылмысқа жатқызылып, 9 азаматқа бас бостандығынан айыру жазасы қолданылды. Шыны керек, биыл ұрлық, неке бұзу, әсіресе бұрын-соңды болмаған есірткі қылмысы өршіп тұр. Есірткі қылмысына байланысты 9 іс аяқталса, ұрлық бойынша 8 іске үкім шықты, – деді төраға.
Расында, биыл 188 бап, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау, мал ұрлығы, есірткі қылмысы көбейіп барады. Сондай-ақ азаматтық істердің қатары сирей қойған жоқ. Қаңтар айынан бері сот қаралымындағы 389 азаматтық іс аяқталған. Енді оны жік-жікке бөліп, саралап көрейік. Алимент өндіру бойынша 57 іс, неке бұзу бойынша 71, келісім-шарт негізіндегі даулардан 167 іс аяқталыпты. Келісім-шарт негізінде дегеніміз азаматтардың көп жағдайда банктен алған несие бойынша өндірілетін қарыздары. Әсіресе тұрғындардың басым көбі онлайн несие алып, төлей алмауының салдарынан орын алған.
Қазір онлайн несие беретін шағын ұйымдардың қатары толығып келеді. Бір айға, енді бірі бір жылға дейін аз болса да, қарызға қаржы қарастырып береді. Төлейтін мерзімі жақындағанда, азаматтар абдырап қалады. Өйткені жұмыс та жоқ, жұмыс берушілер де азайды. Бірақ маусымдық кезеңде нәпақасын түрлі жұмыстан тапқан азаматтар басқасы басқа, алиментке келгенде кідіріп қалады. Осы қоғамды алаңдататын жағдай, өйткені ет бауыр баласына басы ауырмаған әкеден не үміт күтуге болады. Бірақ...
Әкімшілік істердің басым көбі масаң күйде көлік басқарып, тәртіп бұзғандардың кесірінен толығуда. 9 айдың ішінде 89 іс аяқталыпты, демек осынша жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылған. Оның арасында куәлігі жоқ бола тұра, темір тұлпарды сары суға сылқия тойып алып айдағандар да аз емес. Көлік апаты да жиі орын алады, абырой болғанда биыл адам өлімі аз. Тек екі ғана жағдай тіркелген. Төтенше жағдай режимін бұзғандардың саны да көбейді.
– Екі айға созылған төтенше жағдай режимін бұзып, тәртіпсіздікке бой алдырған 65 азаматқа шара көрілді. Ұрып-соғу, 45 іс, жол-көлік оқиғасын жасап, материалдық залал келтірген азаматтарға байланысты 42 іс келіп түсті. 80 әкімшілік құқық бұзушылық іс тоқтатылса, 64 іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуы бойынша аяқталды, – деді Ә.Түбекбаева.
Баспасөз конференциясы аясында төраға сот жүйесінің қысқа мерзімде алға қарай үлкен қадам жасағанын айта келе, аудандық сотпен жұмыс жасап жатқан медиаторлар және Билер кеңесі туралы тоқтала кетті. Аудан тұрғындарына кейбір кикілжің, дау-дамайларды сотқа жеткізбей «Татуласу, сотқа дейін, сотта» жобасы аясында татуластыру рәсімдерін кеңінен қолданылып жатқанын жеткізді. Сондай-ақ елімізде енгізілген карантин жағдайы кезінде азаматтардың қауіпсіздігі үшін сотта мобильді құрылғылардың көмегімен сот істерін қашықтан онлайн форматта қаралуда.

Әли ТЕМІРБЕК
13 қазан 2020 ж. 308 0