№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Тәуелсіздік – Тәңірдің сыйы

Тәуелсіздік – Тәңірдің сыйы

Аудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік айғағы – Мемлекеттік Рәміздер» атты онлайн форматта жиын өтті. Мемлекеттік рәміздер – ұлттың болмыс-бітімі мен арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Мәселен, Елтаңбамыздың философиялық мәні мыңжылдықтар тарихымен үндестік тапқан, ұлттық кодтың кілті секілді. Осыны жастардың санасынасіңіріп, рәміздер құндылығын дәріптеу аса маңызды іс.
  Бөлім басшысы Әбілғазы Төлегенов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласының мән-мазмұнын сөз етіп, Мемлекеттік Рәміздердіңқасиетін насихаттау арқылы жастарға патриоттық тәлім беруге болатынын айтты.
Бөлімнің жетекші маманы  Жайна  ЖиенбаеваМемлекеттік  рәміздерді пайдаланудың стандарттарын түсін­дірді.
Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Ел­таңба, Мемлекеттік Гимн Қазақстан Рес­пуб­ликасының мемлекеттік рәміз­дері болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мем­ле­кеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2.
Қазақстан Республикасының Мем­­­лекеттік Елтаңбасы – дөңгелек ны­сан­­ды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналас­тырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Qazaqstan» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Qazaqstan» деген жазу – алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемле­кеттік Гимні – осы Конституциялық заңда көзделген жағдайларда орын­далатын музыкалық-поэтикалық ту­ынды.
ZOOM платфорамасы арқылы аудандық кітапханада өткен жиынға кент, ауылдық округтер мен дербес бөлімдердің  мамандары, ҮЕҰ өкілдері, белсенді жастар Рәміздерді қолдану мен пайдаланудың негізгі ережелері бойынша өзара пікір алмасты.
Осы  орайда айта кетейік, Қасым-Жомарт Кемелұлы Мемлекеттік Туды балконға ілуге рұқсат беруді ұсынды.
«Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын. Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік  актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет», деп жазды твиттер парақшасында Мемлекет басшысы.
Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен жалғасады. Біз қуатты Тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Президенттің  «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласының негізгі өзегі осы. 
Әсел Рзаева

21 ақпан 2021 ж. 627 0