№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ата ананың міндеттері қандай?

Ата ананың міндеттері қандай?

 
Балаларын дені сау етіп өсіру, оның тән мен жан саулығын қорғау.
  1. Балаларына арам нәрселерді жегізбеу. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) былай дейді: «Аллаһ жолында жұмсалған қаржылардың ең сауыптысы – отбасы мүшелері үшін жұмсалғаны. Бір адамның өз-қамқорлығындағы жандарға селсоқ қарауы оның күнәһар болуына жеткілікті».
  2. Баласына жақсы ат қою.
  3. Баласын жақсы тәрбиелеп, оған ахлақ тұрғысынан үлгі болу. Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оны жақсы тәрбиелеуі», – деген.
  4. Баласына намаз оқытуы, басқа да діни және ахлақи міндеттерін үйрету.
  5. Баласын оқытып, күнін көре алатындай мамандық иесі етіп қалдыру. Хазірет Әли былай деген: «Балаларыңды өздерің болмайтын уақыт үшін тәрбиелеңдер, өйткені олар сендер болмайтын уақыт үшін жаратылған».
  6. Балаларды жақсы көріп, оларға әр уақыт көңіл бөлу. Өйткені, олар ішіп-жеуді қажет еткені сияқты сүйіспеншілікті де қажет етеді. Пайғамбарымыз балаларды өте жақсы көрген.
  7. Балаларын жақсы көре отырып, оларға сыйлық бергенде арасын ажыратпау, тең және әділетті болу.
  8. Ержеткен шақта балаларын үйлендіру.
11 сәуір 2018 ж. 2 504 0