№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Әлеуметтік желі кімге бақ, кімге сор?

Әлеуметтік желі кімге бақ, кімге сор?

Коронавирус әлеуметтік желінің белсенділігін күйшейтіп тұрағаны рас. Күнде көре бермейтін жақындарымызбен әлеуметтік желіде қауышып жүргенімізге мәзбіз-ау! Айналадағы болып жатқан жағдайлар мен ел үшін маңызды ақпараттарды біліп, пайдалы кеңестерге құлақ түретініміз де жасырын емес.Дегенмен, асыра сілтеп, виртуалды өмірге еніп кеткен жоқпыз ба?

Расында да әлеуметтік желіде тіл шеберлері мен аспаздар, ісмерлер мен кәсіпкерлер қаралым жағынан көш бастап тұр. Олардың салған ақпараттары бірнеше минутта миллионнан астам қаралым жинайды. Оған басты себеп халықтың әлеуметтік желіде белсенділігі жоғары болуында. Біздің ауданда да өз іскерілігімен көпті тәнті етіп жүрген жас блогерлер баршылық. Олардың қолынан шыққан киімдер, құрақтар, тәттілер сұранысқа сеп болып тұр. Бұл құптарлық іс.
Байқайсыз ба? Достарыңның бас қосуында, кішігірім жиында, қоғамдық көлікте адамдар бір-бірімен баяғыдай емен-жарқын әңгіме құру жоқ. Қолда бір-бір телефон ұстап, үңіліп отырады да қояды. Әңгіме болған күннің өзінде «Мына парақшада скидка бар екен», «Пәленше қаралымды қатырыпты», «Марафонға қатыссаң 1000 теңге ұтасың» деген секілді әлеуметтік желінің төңірегінен әрі аспайды. Олардың аурасын бұзып, әлдебір ел тарихы, әлқисса, аңыз-әңгіме айтсаң сөзің өтпейді. Мұндайда тіліңді тістегеннен де пайда жоқ.
«Қазақ құрағының құпиясы» деген хештекпен үнемі зерлі өнерін насихаттап жүрген танысымның хикаясын айтайын. Үнемі позитивті пікір салып жүргенге көз үйреніп қалды ма, бір күні отбасының мәселесін әлем желіде жазып, әлем-жәлемін шығарса болады ма? Содан соң, енесі, қайын апалары, туыстары пікір жазып, былапыт сөздер қарша борады дейсің...Айрандай ұйып отқан отбасының абыройы қалмады емес пе?
Бүгінгінің қариялары да заман ағымымен ілесеміз деп, ізгілік жолынан алшақтап бара жатқандай. Әрине, көпке топырақ шашпайық, арамызда немереге мейірім төгудің орнына әлеуметтік желіде әркіммен ұрысып, не жағымсыз пікір жазудан жалықпайтын үлкендер де бар. О заманда, бұл заман қарияның құрметі қандай еді?! Жастармен жарыса флешмоб, Tik-Tok-та тиктокер болып жүрген кім? Ширақ, белсенді екенін басқа жолмен насихаттаса да болар ма еді. Селкілдеп келінімен, немерелерімен жүргендердің отбасында қандай сыйластық қалды? Қандай өнеге бұл?
«Құралайдың құпиясы», «Айнұрдың әлемі», «Бақытты болудың кілті», «Дәулетті бол», «Бай бол», « Күйеуіңмен қарым-қатынасты өзгерт», «Миллионерша марафоны», «Арықтау аргументі» секілді толып жатқан ақылы сабақтарға ағылып жатқан қыз-келіншектерді түсінбеймін. Біріншіден уақытыңызды зая етесіз, екіншіден қаржы жұмсайсыз, үшіншіден өмірің сол сабақтан соң бәрібір сол күйінде қалады. Мұны әлеуметтанушылар «күйзелістегі адамдарды психологиялық тұрғыдан басқарып қаржы қымқырудың оңай жолы» деп бағалауда. Әрине, бұны олар біле тұра, екінші, үшінші сериясынан қалмауға тырысып бағатыны тағы бар.
«Нумеролог» пен «Хиромантия» қызып тұрған тақырып. Балшы-балгерлік те Instagram желісінде жайғасқан. Ақшасын төлесеңіз, сайрай жөнелетін білгіштердің табысы жоқ дегенде бір сауалыңа 8 000 теңге, толық сеанс 20 000 теңге. Бұл да қаржыны желге шашу емес пе? Осындай табысты мақтанышпен айтатындар күніне 200 мың теңге, айына миллион табатынын жасырмайды.
Қазір екінің бірі «Таргетинг», «интернет банкинг», «СММ» болып кетті. Оларда онлайн курс ашып, ақылы оқытуға ұста. Әрине, заманауи мамандықты меңгеру құптарлық іс. Алайда, шегінен асырып, әлеуметті әлекке салудан аулақ болу керек-ақ. Отбасылық табысты үнемдеп, шаңырақты шаттыққа кенелтуді ұмыт қалдырмасақ игі.
14 ақпан 2021 ж. 507 0