№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

№46 (8860) 24

26 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Алматыда КТК телеарнасының операторы жоғалды

Алматыда КТК телеарнасының операторы жоғалды


Алматыда КТК телеарнасының операторы Олжас Белгібаев із-түссіз жоғалып кетті. Бұл туралы әлеуметтік желіде оның досы іздеу жариялады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

Жақындарының айтуынша, Олжас Белгібаевты 5 тәуліктен бері іздеп жатыр. Ол сенбі күні кешке киноға кеттім деп шыққан. Осы уақытқа дейін жігіт үйіне келмеген. Оның досының сөзіне қарағанда Олжастың телефоны сөндірулі, әлеуметтік желіде сенбіден жексенбіге қараған түні болған.
Әкесі полицияға хабарлаған. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже шықпапты.
Олжас Белгібаевтың әріптестерінің айтуынша, әлеуметтік желілерге хабарлама жасалды, оны іздеуге волонтерлер жұмылдырылды.
26 сәуір 2018 ж. 1 312 0