№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Саулық – сақтықта

Саулық – сақтықта

Коронавирустың жаһан жұртын әбігерге салғанына жылдан асты. Вирустың бірінші толқыны кезінде жаңақорғандықтар жақсылары мен жайсаңдарынан айрылып, өзектерін өкініш өртегені әлі есімізде. Індеттің иірімі бар мен жоқтың арасын пайымдауға, бәрінен бұрын, сақтансаң сақтаймын деген сөздің парқын ұғындырды. Бірақ, біз өткеннен сабақ алдық па? Мәселе осында. Сондықтан басқа түскен қиындықтан қорытынды шығарып, сақтық шараларына мән беріп жүрміз деп айта алмаймыз. Оның бір ғана дәлелі, коронавирустың белгілері анықталған адамдар әлі де болса шығуда. Арасында жасөспірімдер де бар екенін жасырмау керек.
Бүгінде әлемде 100 миллионнан аса адам індет ілмегіне ілінсе, 2 миллионнан астамы қайтыс болды. Қытай елінен бастау алған бұл жұқпалы ауру жаһан жұртын үйқамаққа тығып, коронавирустан сақтанудың жолы осы екенін көрсетті. Індетті толығымен тізгіндедік деп өткен жылдың күзінде жаһанға жар салған Қытайда Covid-19 қайта өршуде. Бұған шектеу шараларына мән бермей, халықтың емін-еркін кетуінде себеп болып тұр. Пандемияның алғашқы толқынында вирустың залалы мен зардабын көрген жаңақорғандықтар эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға себеп дей алмаймыз. Бұл жөнінде аудандық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау басқармасының басшысы Шынар Айдарова пікір білдірді.
– Ауданда ПТР тест арқылы коронавируспен тіркелген 22 адам болса, оның екеуі облыстық стационар бөлімінде ем алуда. Қалған 20 адам және олармен тығыз қарым-қатынаста болған 137 адам тұрақты бақылауда. Оның 4-уі оқушы, 2-уі мұғалім. Ал коронавирустық инфекция белгілері бар пневмониямен облыстық  жұқпалы аурулар бөлімінде ем алып жатқан 4 адамның біреуі осы аптада ажал құрығына ілінді. Өкінішті... Алайда әлі де болса вирус арамызда жүр. Демек масканы киіп, қолды жиі-жиі жуып, антисептик пайдалануды әдетке айналдыру керек. Сонда ғана әлемдік пандемияға айналған індеттің алдын алуға септігіміз тиген болар еді, – деді ол.
Оның сөзінше, шектеу мен екпе ел өмірін сақтап қалуға себеп бола алады. Өйткені кезінде геппатит А, В ауруларына уақытылы екпе салынғандықтан соңғы бір-екі жылда бұл ауру Жаңақорғанда мүлдем тіркелмеген. Сондықтан осы айда ауданға келеді деп жоспарланған екпені салдыруда алдыңғы кезекте медицина мамандары, одан кейін СЭС қызметкерлері мен мұғалімдер тұр. Өйткені аталған сала қызметкерлері көпшілікпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтіні белгілі.
Иә, соңғы уақытта коронавирусқа ұқсас түрлі штамптар көбейіп, зерттеу жұмыстарын одан әрі қиындата түскенін әлеуметтік желіден оқудамыз. Тіпті ғалымдар індетті екінші рет жұқтырғандардың сырқаты ауыр балама немесе жеңіл өте ме деген сұрақтың жауабын нақты айта алмауда. Ең басты қорғаныш жеке бас гигиенасын қатаң сақтап, өзің үшін емес өзгелер үшін билік тарапынан айтылған шектеуге құлақ асуға шақырады.
– Қазақта «Той – Тәңірдің қазынасы» деген де сөз бар. Бірақ осы сөзді айтып кеткен ата-бабаларымыздың «Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар» деген тәмсілі де қаперге ой салатындай. Аудан тұрғындарын қатерлі індеттен сақтандыру мақсатында бөлімдермен, белсенді деген азаматтардың қолдауымен түрлі бағытта түсіндірме жұмыстары жүргізіліп келеді. Бір жылда жауабы табыла қоймаған сұрақтың  әлемдік пандемияға айналғаны жанға батса да, жалғыз жолы – сақтық шараларын барынша ұстану, – дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Әбілғазы Төлегенов.
Дүниежүзі тұрғындарын осылайша дүрліктірген індеттің әлі де болса неден пайда болғаны белгісіз. Ауру халықты жайпап салғанда жарғанаттан жұқты, кейіннен қолдан жасалған қару деген сияқты түрлі жорамалдар айтылып, әлемдік саясатқа айналды. Бұл даулы сұрақтың мәселесі енді шешілетіндей. Өйткені Қытай, Ресей, АҚШ сияқты алып мемлекеттер вакцина жасаудың түрлі жолдарын қарастырып, бәсекеге түсті. Демек үміт бар.
Осы ретте бізге де Қытай тәжірибесі керек пе деген ойға қаласың. Себебі олар індеттің алдын алуда халықты ерекше сақтыққа, қатаң тәртіпке шақырды. Бүкіл халық маскалы режимге міндеттеліп, тәртіпке бас имегендерге жаза қолданылды. Тіпті сотталған фактілер де те кездеседі. Міне осындай қатал тәртіпті өзіміз үшін ұстансақ саулықтың сақтығы өз қолымызда екеніне көзіміз жететіні анық.
Лаура БИБАСАРОВА
07 ақпан 2021 ж. 547 0