№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Қарғыс алма, алғыс ал...

Қарғыс алма, алғыс ал...

«Көгермей көктей солғыр». Иә, дәл осылай баласын қарғап жатқан ананы көрдім.  Жүрегім  кеудеме сыймай тарсылдап ұрып кетті. Аяқ-қолым діріл қағып, беймаза күй кештім. Айтыңызшы, ананың баласына айтатын сөзі ма? Ата-анамыз ес білгелі «Қарғыс алма, алғыс ал» деген нақылды құлағымызға құйып өсірді. Осы сөздің әбден санамызға сіңгені соншалықты бес күн жалғанда ешкімнің ала жібін аттамай, кім-кімнің де көңіліне қарап жүргенді қалаймыз. Ата-бабамыз «Сөз сүйектен, таяқ еттен өтеді», – деп бекер айтпағанды. Садақтың оғындай болып қадалатын сөздердің адам өміріне, өсіп-өркендеуіне әсері аз болмаған. Мәселен, «Бірден аспа, екіге жетпе», «Ей жүгермек, қыршыныңнан қиылғыр», «Көктей сол», «Жер жастан», «Жетім қал», «Жас ботадай бозда», «өспе», «өнбе», «екі қолың аузыңа жетпесін» сынды қарғыс сөздер ешкімді көгерткен емес. Тарих беттерінен білеміз, кейбір сондай қарғыстан бүтін бір әулеттің тұқымы тұздай құрып, өмірлерінің соңы қайғылы аяқталғанын білеміз. Айталық, Француздың антрополог-ғалымы, доктор Пьер-Поль Дюпре африкалық жабайы бір тайпаның суық қабағына ілігіп, қарғысқа ұшырайды. Бұл оқиға 1987 жылы болыпты. Арнаулы экспедиция құрамында Кенияға барған Джунглидің ішіндегі бір шағын мекенде зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Алғаш ғалымдарды ерекше ықыласпен қарсы алған жабайылар аяқ астынан өзгеріп кетеді. Осыдан кейін жабайылар біздің бір нәрсемізге күманды болды ма, біздің дереу кетуімізді талап етті», – дейді доктор дюпре. Ол Нгума дейтін щаманы (бақсысы) «Біздің қасиетті ғұрыпымызды бұздың деп мені қатты айыптады. Одан кейін шамандар бұныңды Құдайлар кешпейді»-деп маған қарғыс айтқанын ескертіп, өле-өлгенше басыңнан сор арылмайды деді. Ғалым өз елі Францияға оралады. Ол үш айдан соң бойының 4 сантиметрге шөккенін байқайды. Айналдырған бір жылда 42 сантиметрге қысқарғанынан жындануға шақ қалып, ғалым психологтардың бақылауына алыныпты. Бұл 1994 жылы болған оқиға.  Дегенмен «Жүйелі сөз жүйесін табады, жүйесіз сөз иесін табады» деген тәмсілдің бар екені көңілге медеу.
Сонымен қатар жан-жануарлар мен басқа тіршілік иелерінің де қарғысы өте қауіпті екен. Жүсіпбек Аймауытовтың «Ақ білек» романында торғайдың қарғысын келтіреді:
«Торғай, торғай атым бар,
Бір жапырақ етім бар.
Маған тиген балалар,
Анаң өліп, жетім қал!»
Қандай ауыр қарғыс десеңізші! Құстардың тағы бір қарғысына тап болған бір адам Бельгияның Остенде қалашығында өз коттеджінде шағалалардың үш күндік тұтқыны болып, үйден шыға алмай қамалады. Төртінші күні келген басқа адамдар әлгіні шағалалардың тобынан құтқарады. Сөйтсе, қыстың күні коттедж қожайыны шатырдағы шағалалар ұясын бұзып, жұмыртқаларын алып екі апта бұрын далаға лақтырған екен. Соған өшіккен шағалалар туыстарын көмекке шақырып, үй қожайынына қауіп төндірген. Әрине, біз келтіріп отырған мысалдар қарапайым болар. Бірақ, қарғыстың кесірінен бүтін бір әулеттің күл талқаны шығып, талай жанның тауы шағылды.
Қарғыс туралы ойланғанымыз артық емес. Өйткені, он сегіз мың ғаламның құпиясына айналған құбылыстар тілімізге абай болуды ескертеді. Қазақтың «Бір елі ауызға екі елі қақпақ» дегені содан болар....
06 ақпан 2021 ж. 642 0