№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық үшін жауаптылық

Кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 435-бабына сәйкес, он төрттен он алты жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам жасаған ұсақ бұзақылық үшін ата-анасына немесе оларды алмастыратын адамдарға жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
Жаңақорған аудандық сотымен азаматша Ж-ға қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 435 бабымен әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Іс құжаттарына сәйкес, 2021 жылғы 24 қаңтарында 12 сағат 00 минут шамасында азаматша Ж-ның кәмлелетке толмаған 2005 жылы туылған баласы Б. Жаңақорған кенті З.Мұсаханов көшесінің бойында, қардың үстіне кіші дәрет сындырып, өзінің іс- әрекетін ұялы телефонына видеожазбамен түсіріп, «WhatsApp» желісі арқылы таратқан, яғни кәмелетке толмаған Б. қоғамдық орында кіші дәрет сындырып, ұсақ бұзақылық жасаған.
Сотта өзі жөнінде іс қаралып жатқан тұлға Ж. кәмелетке толмаған баласының ұсақ бұзақылық әкімшіліқ құқық бұзушылық әрекетін мойындады.
Азаматша Ж. кәмелетке толмаған баласының ұсақ бұзақылық жасағаны кәмелетке толмағанның, куәлардың түсініктерімен іс құжаттарымен толық дәлелін тапқан.
Аудандық сот қаулысымен азаматша Ж. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 435-бабымен кінәлі деп танылып, оған 14 293теңге әкімшілік айыппұл салынды.
Аталған іс бойынша сотпен кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтардың алдын-алу, құқық бұзушылық жасауға итермелейтін себептер мен жағдайларды анықтау жұмыстарын жүргізу үшін Жаңақорған аудандық білім бөлімі мен мектеп әкімшілігі тарапына жекеше қаулы жолданды.


Ақпарат: Жаңақорған аудандық баспасөз қызметі.
05 ақпан 2021 ж. 895 0