№80 (8993) 20

20 қазан 2026 ж.

№79 (8992) 17

17 қазан 2026 ж.

№78 (8991) 13

13 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Бұзақылық жасағаны үшін айыппұл тағайындады

Бұзақылық жасағаны үшін айыппұл тағайындады

Азамат О. Жаңақорған аудандық сотының 12 қараша 2018 жылғы қаулысымен Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен 8418 тенге айыппұл салу түрінде әкімшілік жазаға тартылған тұлға бола тұра, 20 қараша 2018 жылы сағат 14:30 шамасында Жаңақорған ауданы, Қожамберді ауылы, Тойлыбеков көшесінің бойында, яғни қоғамдық орында жәбірленуші О-ға былапыт сөйлеп,  айналасындағыларға сыйламаушылық танытып, ұсақ бұзақылық жасап, яғни ол Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.
Сот отырысында өзі жөнінде іс қаралып жатқан тұлға О. кінәсін мойындап, өкініп кешірім сұрады.
Соттың 15 қаңтар 2019 жылғы қаулысымен О. Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 2-бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 (үш) тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық баспасөз қызметі.
17 қаңтар 2019 ж. 1 245 0