Сервистік қызмет: талап пен талғамға сай ма?
Туризм мен кәсіпкерлік және т.б қызмет түрлері дамыған елдерде сервистік қызмет жоғары деңгейде екенін білуге болады. Бізге жетпей жатқаны дәл осы саладағы сапалы қызмет көрсету дағдысы. Бір ғана Түркістан қаласы мен біздегі қызмет көрсету сапасы жер мен көктей. Оған мысал көп...
Алдымен кенттегі тамақтану орындарына бас сұқтық. Түскі ас уақыты болмағандықтан кісі қарасы аз. Қызмет көрсетіп жүрген қыздар келе қоймады. «Қыздар» деп шақырған соң «менюді» ұсынды. Біз тапсырыс бердік. Тамақтарды алып келгеннен кейін біресе нанды, біресе стаканды ұмытып, біздің ескертумен әкелді. Мұны бір деп қойыңыз.
Мұнда келушілердің арнайы жазатын «шағым кітапшасы» жоқ болғандықтан ескерту айтуды орынсыз деп таптық. Дегенмен дәмханаға кіргенде қызмет көрсетушілер күлімдей қарсы алып, берген тапсырысыңды уақытында, түгелдей әкеле қойса ол жерден жайдары көңілмен шығатының, сосын тағы да келетінің рас қой!
Келесі аялдамамыз көлік жуу орны. Әдетте мұнда ылғи да кезектің көп екенін сырттай көріп жүретінбіз. Сабылған кезекте біз де тұрдық. Көлік жуу қызметінде жұмыс істейтін екі жігіт күннің суығына қарамастан жұмыстарына белсене кіріскен. Аяқтарында резеңке етік, қолдарында қолғап. Көлігін жудыртып тұрған көпшілік сыртта әңгіме айтып тұр. Журналистік қызығушылықпен жандарына жақындадым.
«Мына көрші Шиеліде «Магнит» деген көлікке қызмет көрсету орталығы бар. Арнайылап сол жаққа барып көлік жөндетіп қайтамын. Енді жол түспей ауылда көліктің майын ауыстырдым. Ондағы сервистік қызметке қайран қаласың. Көлігіңді қызметкерлерге тапсырасың да, өзің жылы жерде кофе-шай ішіп отыра бересің. Кентте не көп, көлік жуатын орын көп. Бірде-береуінде сервистік қызмет өз деңгейінде емес. Ең болмаса келушілер отыратын жылу бөлмесін қарастырып қойса қайтеді?!» деді жігіт ағасы.
Жанындағылар таңданыспен қарап «Ондай біздің ауданға қашан келер екен?» десе, екіншісі «Қайдам, әзір келе қоймас» деген дүдәмал жауабын қайырды.
Иә, расымен көрші Шиелі, Түркістанға халықтың жиі сабылып баратынын ешкімнен жасыра алмаймыз. Сонда бізде мұндай қызмет көрсетуге не кедергі?
Расында әлгі азамат ой тастады. Көлік саны 5-6 жыл бұрынғымен салыстырғанда бірнеше есеге өсті. Мәселен, Жаңақорған ауданы Мемлекеттік кірістер басқарманың мәліметінше, салық төлейтін 10612 көлік тіркелген. Оған Ресей, Қырғызстан, Армениядан келген көліктерді қосыңыз. Бұл – көлік жуу орындары, техникалық жөндеу, көлікті бояу-сырлайтын қызмет көрсету орталықтарының көбеюіне әкелді. Бірақ сапалы сервистік қызмет көрсету жағы әлі кемшін тартып келеді. Бұл сөз біздің намысымызға тиеді. Алайда шындық осы.
Неге дейсіз бе? Егер бізде сервистік қызмет талап пен талғамға сай болса мал базары дамушы еді ғой. Кейде бір дүкенге кіргеннен кейін екінші рет қайтып барғың келмейді. Себебі сатушылардан ілтипат пен кішілікті көре бермейсің.
Бүгінде кент орталығында жеке көлігі бар, бірақ тұрақты жұмысы жоқ азаматтар жолаушы тасымалдаумен күн көреді. Осы кәсіппен айналысу бүгінде бәсекелі болып тұр. Олай дейтініміз, саны артқан сайын, сапасы бәсекеге қабілетті болатыны рас. Қазіргі таңда кент орталығында «Регион-11», «Голд-такси», «Жаңақорған-такси», «VIP такси» халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп, баратын жеріңе тез әрі жылдам жеткізуді қолға алды.
Сайып келгенде, халықтың мәдениеті қажып, эстетикалық талғамы жоғарылаған сайын сапалы қызмет көрсетуді талап етеді. Онсызда «Жол азабын жүрген білер» деп қаншама шақырымды артқа тастап қызмет көрсету орындарына келгенде отыратын орындықтың табылмауы келушілерді қынжылтады екен. Сосын сағаттап күту онсыз да уақыттың берекесін келтіре алмай жүрген тұрғындар үшін тиімсіз. Сондықтан да қалтамыздағы ақшаны басқа аудандарға апармай, қызмет көрсетудің озық үлгісін жасай алсақ игі.

Әйгерім МЫРЗАХМЕТОВА