Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Банк саласындағы цифрлы қызмет

Банк саласындағы цифрлы қызмет

   Қазір кез келген сервистік орталыққа барсаңыз, дүкен аралап, таксиге мінсеңіз, телефонға бірлік салып, несие төлеу керек болса, жалпы күнделікті қолданысқа қажетті төлем түрлерінің барлығы дерлік екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшасы арқылы жүргізуге мүмкіндік мол.

    2020 жылы қолма-қол ақшасыз төлем 1,6 трлн-ға жеткен. Яғни ин­тер­нет және ұялы телефон арқы­лы онлайн қызмет түрін тұтыну артқан. Оның ішінде, сарапшылар коммуналдық төлем мен несиенің басым екенін көрсетті. Демек үйден шықпай-ақ, кез келген төлемді жасай алу мүмкіндігі өмірімізге енді.
Қоғам тіршілігінің жылдам өзгеруі және әр адамның өміріне жоғары технологиялардың дендеп енуі ең­бек нарығына да ықпал етіп отыр. Адамзат тарихына үңілсек, жаңалық атаулының бәрі тәуекелмен, қауіп-қатермен қатар келгені белгілі. Бірақ олар бәрібір түптің түбінде қоғамның пайдасына жаратылып, адам игілігіне айналды. Қазіргі үрдістер де дәл солай, әсіресе, барлық дерлік саланы қамтып отырған цифрландыру үдері­сінің ауқымы кең. Жаңа цифрлық технологиялар тауарлар мен қыз­меттерді тұтынуға ғана емес, еңбек нарығына да өзгеріс енгізді. Осы үдеріс аясында таяу болашақта кейбір мамандықтар мүлде жойылып, еңбек нарығынан ығыстырылуы ықтимал. Ол шындық.
  Ақпараттандыру мен компьютер­лендіруден кейін келген жаңа әлем­дік тренд – цифрландыру. Ол ең бірінші экономиканың тиімділігін одан әрі арттырып, адамдардың өмір са­па­сының жақсаруына алып келуі тиіс болатын. Цифрландыру өндіріс пен экономиканың тиімсіз тұстарын жояды. Бизнес-үдеріс оңтайланады, ешқандай нақты пайда тигізбейтін, өндіруші мен тұтынушы арасындағы пысық делдалдардан құтылуға көмектеседі. Мәселен, осыдан 10 жыл бұрын өзге шаһардан қаражат алу керек болса, банкомат карточкасы арқылы, не болмаса жолаушылар мен жолсерік арқылы алатын едік. Банкоматтан ақша шешсеңіз міндетті түрде ұстайды. Ал қазір бәрі басқаша.
Қытайда қолма-қол емес төлем, электрондық коммерция мен қаржы қызметтерін дамытып отырған тех­нологиялық гиганттар Alibaba мен Tencent-ті айтуға болады. Қазіргі кезде Қазақстанда әлемдік деңгейдегі инновациялар жасала бастады. Отан­дық Kaspi.kz компаниясы қазақс­тандықтардың күнделікті өміріне қол­ма-қол емес төлем мен электронды коммерцияның өсуіне ықпал ететін ерекше қызметтерді енгізді. Соның бірі – Kaspi Gold картасы. Бұл картаны 5 млн-нан астам қазақстандық қолданады. Жылдам аударым, комис­сиясыз төлем, қолма-қол емес сатып алу және тиімді бонустары арқылы танымдылыққа ие болуда.
Қазір Қазақстандағы екінші дең­гейлі банктер онлайн қызмет ету түрлерін ұсынуда. Әсіресе карантин кезінде мұның қажеттілігін сезінді. Яғни банктер онлайн кредитті рәсім­деу, депозит ашу, коммуналдық тө­лем­дерді төлеу, қаржы аудару және т.б іске асыратын мобильді қо­сым­шасын ұсынуда. Бұл – банк саласында цифрландырудың қар­қын­ды жүріп жатқанын көрсетеді. Енді елді мекендерді жоғары жыл­дамдықты интернетпен қамта­масыз етуді тездету міндеті тұр.


 Әли ТЕМІРБЕК

09 қаңтар 2021 ж. 363 0