№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстан Apple Pay төлем жүйесіне қосылды

Қазақстан Apple Pay төлем жүйесіне қосылды

   Қазақстан бұл төлем жүйесін іске қосқан 32-ші мемлекет. Әзірге онымен екінші деңгейлі 6 банк жұмыс істеуге дайын, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

  Liveinternet.ru-дың мәліметінше, Қазақстанда iOS жүйесін қолданушылардың мөлшері небәрі 11, 8%-ды құрайды екен. Соған қарамастан Apple смартфонының қолданушылары, мобильді төлемдер бойынша алдыңғы орында келеді. Сарапшылар мұны айтулы оқиға деп санайды. Себебі Iphone-ді серік еткендердің қарасы Ұлы далада аз емес. Бұл смартфонның адептілері (жақтаушылары, қолданушылары) қашықтық төлем нарығына сілкініс алып келуі бек мүмкін. Электрондық төлем бойынша да Қазақстан әлемдік рейтингте өз орнын біршама жақсартып алған. Мәселен екінші жүздіктен топ-25-тің арасына лайықты еніп отыр. Ұлттық банктің төлем жүйесі департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков, елде ақшасыз есеп айырысудың үлес салмағы күннен-күнге өсіп келе жатқанын айтады. Биыл 9 айдың өзінде бұл көрсеткіш өткен жылғымен салыстырғанда 4 трлн теңгеге артқан. Қаржы регуляторының бұған көңіл бөлуі тегін емес. Өйткені, Ұлттықбанктегілер экономиканың қолма-қолма төлемдерден кетуі ЖІӨ-нің (жалпы-ішкі өнім) 7-8%-ға өсуіне алып келеді деген сенімде. Осы пікірді Армения, Беларусь және Қазақстандағы Mastercard-тың басшысы Нинан Виллемсте қуаттауда.

  «Apple Pay-мен» сауда-саттықты жасау қауіпсіз төлем түрі болып табылады. Транзакция кезінде төлем мәлімттері шифрланады. Демек, қолданушының төлем картасы жайлы ақпарат берілмейді», – делінген Ұлттық банк таратқан ақпаратта.
Бас қаржы регуляторының өкілі Алина Иманғазинова мәлім еткендей, Республикада төлем карталарын қабылдайтын терминал желілерінің саны 130 мың бірлікті құрайды. Соның арасынан әр үшінші терминал байланыссыз NFC-төлемдерін іске асыруға қауқарлы. Қазақстан Орталық Азияда Apple Pay-ды енгізген алғашқы ел және ТМД-да Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші мемлекет. Енді iOS және MacOS операциялық жүйелерімен қамтылған Apple құрылғыларының иелері, NFC технологиясының көмегімен бір жанасумен кез келгені сауданы жасай алады. Ол үшін смартфонға немесе смарт-сағатқа Wallet ұялы қосымшасын жүктеп алу қажет. Сонымен, жаңа төлем түрі қандай банктерде жүзеге асырылады? Нақтырақ келтірсек, Fortebank (тек Mastercard қолданылуы мүмкін), Евразиялық банк (тек Mastercard), Сбербанк Қазақстан (Visa және Mastercard), Банк ЦентрКредит (Visa және Mastercard), АТФ Банк (Visa) және Halyk Bank (Visa және Mastercard).
10 сәуір 2019 ж. 1 027 0