№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жерді игеру – жауапты іс

Жерді игеру – жауапты іс

Жерді тиімді игеру және пайдалану – бүгінгі күннің баста талабы. Біздің ауданымызда жер қалай және қаншалықты игеріліп жатыр? Міне, осы сұрақтарға жауап алу үшін Жаңақорған аудандық Жер қатынастары бөлімінің бас маманы Серік Төлендиевпен тілдескен едік.

– Ауыл шаруашылығы мақса­тындағы жердің берілуі қалай жүр­гізіліп жатыр?
– Мемлекеттік меншіктегі жер учас­келерін шаруа қожалығына ұзақ мерзімге беру конкурс арқы­лы жүргізіледі. Яғни, 10 жылдан 49 жылға дейін уақытша өтеулі жерді пайдалану құқығымен беріледі және де берілетін жерлер ауылдық, ау­дан­дық қоғамдастықпен қаралып, олар­­­дың келісімі бойынша шығарылады.
Конкурсқа шығарылатын жерлер ауыл­­дық елді мекендерден алшақ жер­лерде орналасқан. Себебі, ал халықтың мал жайылымдық жерлеріне кедегі бол­мауы тиіс.
Жерді конкурспен алған кезде шаруа­ларға тиімді тұсын айтатын болсам, конкурсқа ұсынылған жер учаскелеріне жасалатын жер құжаттарының (жерге орналастыру жобасы) шығындары (жер­ге қазық қағу мен жер актісін жасау жұмыстарын қоспағанда) мемлекет тарапынан жүргізіліп, әзірленеді.
Бұған дейін шаруа қожалығын жүргізу үшін жер учаскелерін алған тұлғалар өз қаражаты есебінен жер құжаттарын (жерге орналастыру жобасы) әзірлейтін. Бұл да бір кәсіпкерлікті қолдауға жасал­ған жеңілдік деп санаймын.
– Қарапайым халыққа түсінікті болсын. Конкурс өткізу үшін қандай жұмыстар атқарылады?
– Бірінші, конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесі аудан әкім­дігімен бекітіліп, әрі қарай конкурсты өткізу туралы хабарлама тиісті әкімшілік-аумақ­тық бірлік аумағында таралатын бас­пасөз басылымдарына және жер­гілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жарияланады.
Біздің жағдайда мұнымен шектелмей, кент және барлық ауылдық округі әкімдеріне шаруашылық субъектілерін және ауыл тұрғындарын құлақтандыру мақсатында конкурсқа шығарылған тіз­белер мен құжаттарды тапсыру тәртібі хатпен ұсынылды.
– Аға, сонда конкурсқа қандай тұл­ғалар қатыспайды?
– Шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша жер пайдалану құқығын беру жөніндегі өткізілетін конкурсқа жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар тізілімінде тұрған тұлғалар, сондай-ақ жеңімпаз болып танылып бірақ шартқа қол қоюдан бас тартқан тұлғалар бір жыл бойы келесі конкурстарға қатысуға құқығы болмайды.
– Конкурстық комиссия жеңім­пазды қалай анықтайды?
– Шаруа қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазын жер комиссиясы тиісті өлшемшарттарды ескере отырып, балл беру арқылы конкурстық ұсыныстарды салыстыру негізінде айқындайды.
Жер комиссиясы конкурстық ұсы­ныс­­тарды бағалайды, салыстырады және жеңіп алған конкурстық өтінімді айқын­дайды.
Конкурстық ұсыныс­тарды және конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау кезінде, ұсыныстар мен өтінімдердің мәнін қозғамайтын, түзетуге болатын грамматикалық және арифметикалық қателер назарға алынбайды.
– Сұқбатыңызға рақмет!

Әсел РЗАЕВА
18 желтоқсан 2020 ж. 972 0