№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Тілі басқа, тілегі бір

Тілі басқа, тілегі бір

Бай да қуатты, ұлан-ғайыр даланы мекендеген сан ұлт пен ұлыс қазақ елін өзінің туған Отаны санайды. Қазақтың тілінде сөйлеп, салт-дәстүрін ұстанып, ортақ қазанында біте қайнасып тату-тәтті ғұмыр кешуде.
Біз мақалаға арқау еткелі отырған өзге ұлт өкілдері қатарында ауылымыз аралас, қойымыз қоралас дегендей, біздің Қорғантоғай көшесінің тұрғыны Надя апаны жалпы жұрт кішіпейіл, ақжарқын, ешкімді жатсынбайтын мінезімен таниды. Кімді болсын жақынындай тартып, шын пейілімен тілектес болып жүретін ол бір туысымыздай жақын болып кеткен.
– Тағдыр талайыма  Қазақ жеріне келін болу жазылыпты. Жаңақорғандық Һидаят есімді өзімнен 20 жас үлкен әзербайжан жігітіне тұрмысқа шықтым. Алғаш қазақ жеріне табан тірегендіктен қазақ тілін мүлдем білмейтін де, түсінбейтін де едім. Алғашында үйренісіп кету шынында қиын тиді. Жүрегі кең көрші қолаңым, жалпы жаңақорғандықтардың бауыр­малдығы, қонақжайлық қасиеті еріксіз баурап алды. Ерім менен бұрын Жаңақорғанға сіңісіп кеткен, орнықты жұмысы, түзу тіршілігі бар, ауданның өз азаматындай, – деп сөзін сабақтады.
Міне, сол күннен бері 33 жылды артқа тастапты. Көктем шыға ауласына көкөніс дақылдарын ексе, мәуелі жеміс ағаштары ерекше күтім мен баптың арқасында жыл сайын құралақан қалдырған емес. Қорасында мал ұстап, тауық  асырап, несібелерін ажыратып отырған отбасының ортақ ұстанымы кісінің ақысына кіріп, біреудің тапқан табысына ортақ болмай, өз күнін өз еңбегімен көріп бір үзім нанды адалынан тауып жеуді мұрат тұтады. 
Бүгінде үш ұлы ер жетіп қазақтан дос арттырған, қалаулы азаматтар атанған. Қазақпен қаны бөлек болса да қандасындай, ұлты бөлек болса да бауырындай бүтін елмен тілегі бір. Ол – елдегі бірліктің бекем, тірліктің түзу болғаны.
– Біз Қазақстан атты татулығы берік, тыныштық орнаған мемлекетте өмір сүрудеміз. Елдің басты ұраны – бірлік.  Өзге ұлтты өзіндей көре білетін, ешкімді кеудесінен итермейтін қазақ еліне алғыстан басқа айтарымыз жоқ, – дейді Надя апамыз. 
Біз де тілі басқа болса да тілегі бір, ұлты басқа болса да ұстанымы бір әзербайжандық отбасының  елге деген ыстық ықыласына риза болдық. Қазақстанды атамекені санап, көрші-қолаңын туысындай көретін шаңырақтың шаттығы таусылмасын деп тіледік.
Айта кетейік, Қазақстанда 108030 әзербайжан ұлты тұрады. Олардың басым көпшілігі Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарына қоныстанған. Қазақстан бойынша 14 облыста этомәдени орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл 1992 жылы құрылған «Тұран» Әзербайжан мәдени орталығы деп аталады.
17 желтоқсан 2020 ж. 573 0