№77 (8990) 10

10 қазан 2026 ж.

№76 (8989) 6

06 қазан 2026 ж.

№75 (8988) 3

03 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды

Әкімшілік іс медиация тәртібімен тоқтатылды


Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат Ю-дың әкімшілік ісі қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат Ю. 2019 жылдың 10-желтоқсаны сағат 21.30 шамасында Жаңақорған кенті Әлшекей көшесі реттік саны жоқ үйдің ауласында жәбірленуші П-ны маңдайынан таспен ұрып, денсаулығына қасақана жеңіл дәрежелі зиян келтірген, яғни жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық әрекетін жасаған.
Сот отырысында жәбірленуші П. азамат Ю-ға кешірім бергенін, онымен медиация тәртібімен татуласқанын көрсетіп, әкімшілік істі тоқтатуды сұраған.
Сотпен іс құжаттары зерттеліп, өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға мен жәбірленушінің медиация арқылы татуласқандары ескеріліп, Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 64-бабының негізінде әкімшілік іс өндірістен тоқтатылды.
Қайнар: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
16 қаңтар 2020 ж. 829 0