№49 (8863) 5

05 шілде 2025 ж.

№48 (8862) 1

01 шілде 2025 ж.

№47 (8861) 28

28 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Әкімшілік іс бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласты

Әкімшілік іс бойынша тараптар медиация тәртібімен татуласты


Жаңақорған аудандық сотында Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 73-1-бабының 1-1 бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған азамат З-ға қатысты әкімшілік іс онлайн режимде қаралды.
Сотта анықталғандай, азамат З. 2020 жылдың 4 наурызы сағат 14.30 шамасында үйдің ауласында жәбірленуші І-ні ұрып-соғып, денсаулығына қасақана жеңіл дәрежелі зиян келтіріп, жеке бастың құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық әрекетін жасаған.
Сот отырысында жәбірленуші І. азамат З-мен медиация тәртібімен татуласқанын, оған кешірім беретінін көрсетіп, әкімшілік істі тоқтатуды сұрады.
Сотпен іс құжаттары зерттеліп, өзіне қатысты іс жүргізіліп жатқан тұлға мен жәбірленушінің медиация тәртібімен татуласуы негізінде Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 64-бабының негізінде әкімшілік іс тоқтатылды.

Ақпарат: Жаңақорған аудандық сотының баспасөз қызметі
06 мамыр 2020 ж. 725 0