№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ҚҰРМЕТІҢ ҚАЙДА ҚҰРДАС?

ҚҰРМЕТІҢ ҚАЙДА ҚҰРДАС?

  Тақырып ауаны – ата-анаға құрмет. Түрткі болған күнделікті көріп жүрген көріністер. Жиі көргендіктен бе, кейбір мәселеге кейде мән бермейміз. Мәселен, жеткеншіктер үшін әлеуметтік желі туған анасынан жақын болып бара жатқандай. Анасы байғұс белі қайысып, ұлын жұмсайды. Бармайды. Қашанда жауап дайын: «Қазір мам». Сырттай қараған адамға телефонға үңілген тентектің «мұншалықты маңызды қандай іспен айналысып отыр екен» деген ой мазалауы мүмкін. Алайда ұялы тұтқасын тіміскіліп көрсең, түкке тұрғысыз жазбалар. Оқып көріңіз: «Не істеп жатсың?», «Өткенде туған күнге бармадың ғой», «Гүлназ сендердің қандай туысқандарың?», «Сөйлейтін ит жайлы приколды көрдің ба?» тағы сол секілді кете береді. Пайдасыз. Еш мәні жоқ. Текке уақытты өткізу. Бір сөзбен айтқанда, үңілген жастан, түңілетін заман туды. Оның қасында ата-ананың разылығын алып, сансыз сауапқа кенелу әлдеқайда хайырлы. Бірақ оны түсінетін өрелі өрен болса игі. Бұл бір байқағаным. Енді, сәл жасы үлкенге тоқталсақ. Айтпағым орда бұзар отыздың айналасындағылар. Бір емес, бірнешеуін сөз етейін. «Балам, атаңнан барып темекі сұрап әкелші» дейді, әкесі төрт жасар баласына. Яғни, өзінің әкесінен. Бұл бар болғаны тәуелсіздікпен құрдас жігіттің құрметсіздігі. Жиырмасында үйленіп, жігіт ағасы болып қалдым деген ойы шығар. Ал, отыздағы оғлан әкесінің банкомат карточкасын ұстап алыпты. «Шалдың зейнетақысын алып, несиемді жаппасам» деп, асығыс жүр. Қолынан ұстап, қандай несие десем: «Келініңе туған күніне ұялы телефон әперіп едім» дейді беті бүлк етпей. Осылай тізбектей берсең, тізбектеле береді. Түнеугүні үш бала-шағасы бар замандас отыр. «Түнде темекі тиын таппай, папаның жигулиіндегі құтыдан 200-300 теңге «сындырып» тұрамын» дейді. Сөйтсем, әкесі күні бойы кент орталығында елу теңгеден тұрғындарды таситын такси жүргізушісі екен. Иә, аязды аяғы ауырып, балтыры сыздаған зейнеткердің такси болып тапқан бес-он теңгесін жымқырған жігіттен не үміт не қайыр? Жарайт, ұлдардан қызға көшейін. Жақында танысымнан естідім. Он бірінші сынып оқитын қыз «қымбат смартфон әпермеген анасымен жиі ұрысып қалады» екен. Кейіннен сырттай сұрастырып көрсем, қыздың анасы қарапайым еден жуушы. Бұл оқиғадан маңдай термен тапқан теңгенің қадірін білмейтін ұрпақ өсіп келе жатқандай әсер алдым. Алақанның көлеміндей қу темір үшін анаңды ренжіту ақылға сыйымсыз. Бірақ болып жатыр қоғамда мұндай түйіткілдер. Хош. Ақиқатында ата-анаға құрмет қандай болуы тиіс еді?
         Дана қазақ «Ананың сүтін ақтамаған адам Аллаға жақпайды» десе, Құранда ата-анаға «Түһ» деп айтудың өзіне қатаң тиым салған. Тереңінен тізбектесек. «Шыр» етіп, жарық дүние есігін ашқаннан түн ұйқысын төрт бөлген. Қайнаған ыстықта, суытты, қақаған суықта жылытты. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтығы шоқыттырмай өсірген ата-анаңның енді келіп зейтнетақысына масыл болу жігіттікке тән қылық па? Әлде, сен үшін барын аямаған анаңның бойынан қуаты кеміп, қайраты қайтып, самайын ақ шалған уақытта тілін алмай оған жәрдемші болмауың мұсылмандыққа жат. Шариғат әкең мен шешең бір уақытта шақырса, ең бірінші анаңа бар дейді. Жақсылықы үш мәрте анаңа, сосын барып, әкеңе жаса дайді. Жәннат–ананың аяғының астында. Сонау Меккеге жеті мәрте арқалап апарып келсеңде, толғақ қысқандағы бір қиналған демін өтей алмайсың дегенді дін мен дәстүр бекерге айтты ма? Жоқ, әрине. Бұл дүние – қайтар дүние. Жақсылық істесең–жақсылық көресің, жамандық істесең-жамандыққа тап боласың. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: Ата-анасын сыйламаған перзент–өз перзентінен өзін сыйлауды күтпей-ақ қойсын.
08 сәуір 2018 ж. 1 227 0