№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Сапалы білім берудің жолы қандай?

Сапалы білім берудің жолы қандай?


Коронавирустың жаһан жұртына әсері алапат. Қоғамның кез-келген саласын тұсаулап, қадамын аштырмай тұр. Мұндай қиындықты білім беру саласы да сезінуде.


Бүгінде оқушылар қашықтан оқу арқылы білім ошағынан алыстап қалды. Мұғалім алдында әріп үйренген бала өз үйіңде ата-ананың көмегіне зәру. Әлеуметтік желіден балаларды аулақ ұстата алмай жүргенде, қашықтан оқу телефон бетіне телміртіп қойды. Оқуға ынтасы жоғары оқушылар өздерінің ынта-жігерін көрсетсе, сабаққа нем­құрайлы қарайтындар да жоқ емес.
Ата-ана еркелігімен үйде отырған баланы қалай оқуға ынтасын арттыруға болады? Бұл тығырықтан шығар жол қайда? Міне осы сұрақтар әрбір мұғалімді мазалауы тиіс.
Осы тұрғыда, әріптестеріме азды-кем ой-ұсынысымды айтқым келеді. Мұндай жағдайда нағыз ұстаз ең бірінші өзін «дайындайды». «Ақпараттық-комму­ни­­ка­­тивті әрекетті технологияның бір түрі, тек керек кезінде ғана қолдануға болады» деген ойды енді басқаша өзгер­туге тура келеді.
Әрбір тәжірбиелі педагогке ком­пьютерлік технологияны бұрынғы­дан жете меңгеруге тура келеді. Өйткені, ноутбук, планшет, компьютер, сотка, интерактивті тақта т.б. тек көрнекілік ретінде қызмет жасаса, енді онсыз сабақ өту мүмкін болмай қалды. Шәкір­тіңіздің бұл құралдарды сізден «қатты» меңгергені тағы бар. Сондықтан әріптестеріме жоғарыда атап өткен технологияны терең меңгеру міндеті тұр.
«Мұнда мынадай болуы керек еді, бомай жатыр» деп сабақ барысында орындалмай қалған әрекетті техникадан көру шәкіртіңіздің сабаққа деген қызығушылығын төмендететіні анық. Сондай-ақ сабақ барысында қайта-қайта сұралатын «көрініп тұрма», «естіліп тұрма» т.б. сөздерді мүмкіндігінше қол­данбауды ұсынамын. Онсызда мұға­лім мен балаға үйдегі желінің жыл­дамдығындағы қиындықта мәселе, оны сабақ барысына қайтадан алып келмеңіз. Ата-аналармен бірлесіп, техникалық дайын­дықты сабақтан тыс уақытта үй­лестірген жөн.
Қазіргі таңда мұғалімдерге өз білім алушыларымызды қашықтан сабақ беру барысында дәстүрлі сабақ беруден жоға­ры тұратын қызықты, құнды дүниелерді таба білуіміздің маңызы зор болып отыр. Бұның нақты бір формуласы жоқ шығар, бірақ әр мұғалімге өз пәніне қарай, әр сабақ тақырыбы мен құрылымына қарай сөзсіз ізденуді қажет етеді.
Қысқасы, мұғалімнің түсіндірмесі мен берген тапсырмасы қашықтықтағы баланы ойландырып, ұмтылдырып, қызықтырып отыруы тиіс. Грек ғалымы Сократтың: «Мен балаға ештеңе де үйретпеймін, тек оларды тапсырмаларым арқылы ойлануға мәжбүрлеймін» деген сөзі бүгінгі күннің айнымас қағидасына айналды. Яғни оқушының өзі ізденуіне жағдай жасауымыз керек.
Ең бастысы, шәкірті мұғалімінің «жа­нында» тұрмын деп сезінетіндей мұғалім тарапынан балаға деген қамқорлық, жылулық, жанашырлық үстемірек болуы қажет деп ойлаймын.
Ол үшін ұстаздар қауымы қосымша ізденіп, жағдайға бейімделіп оқушыға сапалы білім берудің жолын табу керек. Бұл жолда барша ұстазға сәттілік тілеймін!

Асылжан ӨТЕБАЕВ,
№52 мектебінің бірінші санатты сарапшы-педагогы
28 қазан 2020 ж. 450 0