№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әкім есебі: Ел тілегі ескерусіз қалмайды

Әкім есебі: Ел тілегі ескерусіз қалмайды

Бұл жолғы есепті кездесу бұрынғыдан өзгерек. Бұған дейін сахна төрінен орын алатын құзырлы қызметтің өкілдері бүгінгі талаптың жаңа форматына сай халыққа бір табан жақындауды мақсат етіп, кіл көпшіліктің ортасына жайғасты.
Мемлекет басшысы Тоқаевтың да үнемі айтатыны: «Жергілікті билік – халыққа барынша жақын болу керек». Президент пәрменін бұлжытпай орындаған біздің әкімдік қызметкерлері жарады. Хош. Күн сейсенбі. Белгіленген уақытта аудан әкімі Сұлтан Мақашов 2019 жылы атқарылған қорытынды есебін баян­дауды бастап кетті. Толық бір сағат өткенде баяндамашы сөзін түйіндеп, сұрақ-жауап кезеңіне өтті. Сұрақтардың ауаны да айқын. Мәселен: тозығы жеткен трансформатор, самал желден сымы үзілетін электр желісі, жаңа мектеп қажеттігі. тағысын тағы. Бұл жөнінде сәл кейінірек. Әуелі өткен жылдың маңызды межелеріне шолу жасасақ. Есепті кездесуге «Nur Otan» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова, облыстық мәслихат депутаты Нуриддин Әмитов келіп қатысты.

                                                                  КӘСІПКЕРЛІК КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЮДЕ
Сыр өңірінде «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың үш жылдығы» жарияланып, әрбір елді мекенде кәсіпкерлікті дамытуға назар аударылғаны белгілі. Мұндай бастамада Жаңақорған ауданы белсенді екенін айту керек.
2019 жылдың 1 қаңтарында 3952 кәсіпкерлік субъектісі тіркелсе, 1 желтоқсанында ол 4677-ге жетті. Оның 4500-і белсенді кәсіпкерлік нысанын құрайды. Жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 96,2 пайыз болып отыр. Мұнда жұмыспен қамтылған адамдар саны – 6912 адам­ға жетіп, 28865 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, түрлі қызмет көрсетті. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кәсіпкерліктің сандық және сапалық даму деңгейі артқан. Аудан бойынша халық санына шаққанда тіркелген кәсіпкерлер үлесі 5,5 пайызды құрады.
Тұрғындар арасында жеке бизнестің тиімділігін түсініп, кәсіпкерлікпен айналысуға ниеттілер саны артып келеді. Оны түрлі мемлекеттік бағдармаларға қатысушылар санының артуынан көруге болады. «Бизнес Кеңесші» жобасына биылғы жылы барлығы 90 адамды оқыту жоспарланып, бүгінгі таңда 210 адам оқып, сертификат алды. Нақты статистикаға тоқталсақ. Біріншіден, «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасы аясында шағын несие бойынша 700,3 млн теңгенің 141 жобасына және гранттар бойынша 653 жобаға 261,8 млн теңге берілген.
Екіншіден, «Микробизнес-Кызылорда» бағдарламасы арқылы 47 жоба 171,1 млн теңгеге қаржыландырылды. Үшіншіден, «Бизнестің жол қартасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы құны 462,7 млн. теңге болатын 12 - жоба несиемен қаржыландырылды. Төртіншіден, «Қамқоршы» несие серіктестігі арқылы 305,3 млн теңгенің 32 жобасы несиелендірілді. Бесіншіден,  «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 20 дан астам жоба іріктеліп, несие алуға байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осының ішінде 2 жоба 14.3 млн теңге бүгінгі таңда қаржыландырылды. Бұл аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың сөзі.
02 ақпан 2020 ж. 780 0